Дзюдо Академиясы ресми түрде ашылды
17:57 | 13 мамыр 2016
Бүгін «Grand Prix» жарысы аясында Дзюдо академиясы ресми түрде ашылды. Дзюдо академиясының салтанатты ашылу рәсіміне ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек, Халықаралық дзюдо федерациясының президенті Мариус Визер және Қазақстан Дзюдо федерациясының президенті Кеңес Рақышев қатысты.
Жаңадан ашылған дзюдо академиясы халықаралық стандартқа сай. Спорт кешенінде төрт татамиге арналған зал, жаттығу залы, 100 орындық жатақхана мен асханасы орналасқан. Онда Қазақстан Ұлттық құрамасымен қатар, жас дзюдошылар да жаттығатын болады. Академияда халықаралық жаттығу жиыны, семинарлар , әр-түрлі шеберлік сабақтары ұйымдастырылады деп жоспарланған.
0 пікірлер