Гран Приде қазақстандық үш спортшы финалда

15:17 | 13 мамыр 2016

Алматыда Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында болып жатқан Гран При жарысының бірінші күнінде Қазақстан Ұлттық құрамасынан 18 спортшы шықты. Оның 3-еуі, атап айтқанда, Галбадрах Отнгонцэцг (48 келі), Рустам Ибраев (60 келі) және Жансай Смағұлов (66 келі) финалға жолдама алды. Сонымен қатар, төрт спортшымыз Асхат Тельманов пен Айбек Имашев (60 келі), Жұмақанов Елдос пен Азамат Мұқанов (66 келі) қола медаль үшін бақтарын сынайды.

Финалдық кездесулер сағат 17:00-де "KazSport" арнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Естеріңізге сала кетейік, Гран При жарысында жүлдеге ие болған спортшыларға берілетін ұпай сандары мынадай болмақ:

1 орын - 300
2 орын - 180
3 орын - 120

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар