Павлодар қаласында үздік дзюдошылар марапатталды
Павлодар қаласында өткізілген КСРО спорт шебері Б.Сейсенбаевты еске алуға арналған халықаралық турнир қорытындысы бойынша күрес барысында ерекше көзге түскен спортшылар марапатталды. Атап айтқанда 60 келі салмақ дәрежесіндегі Қарағанды облысының дзюдошысы Ержан Еранқайыпов пен 81 келіде күрескен Павлодарлық жарыс жеңімпазы Арман Махамбетов ерлер арасында «үздік спортшы» марапатына ие болды. Ал, қыздар арасында осы атаққа қарағандылық 48 келі салмақ дәрежесінде күресетін Әйгерім Төреғожина мен 70 келіде жеңіске жеткен Шығыс Қазақстан облысының мақтанышы Зере Бектасқызы ие болды. Сондай-ақ, «үздік төреші» номинацияларын Денис Амелин мен Қырғызстаннан келген халықаралық дәрежедегі спорт шебері Әсел Қыдырәлиеваға табысталды. Жарысқа келген құрметті қонақтарға да естелік медальдардар сыйға тартылды. Алдағы уақытта Павлодар қаласының да спортшылары Алматы да өткізілетін Гран При жарысында ел намысын қорғамақ.
0 пікірлер