​Гүлжан Исанова – Гран-при жеңімпазы атанды!

19:35 | 06 қазан 2013

Ташкентте өткен дзюдодан Әлемдік Гран-при турнирінің қорытынды күні біздің қыздарымыз қуантты!

+78 кг салмақ санатында Гүлжан Исанова алтыннан алқа тақты! Осыдан бір апта бұрын ол Алматыда өткен турнирде де (суретте –ортадағы) жеңіс тұғырына көтерілген болатын. Ташкент турнирінде Гүлжан жартылай финалда өзбек қызы Анаргүл Өтееваны жеңсе, шешуші кездесуде моңғолиялық балуан қыз Джавзма Одхуды жеңді.

78 кг дейінгі салмақ санатында өнер көрсеткен Альбина Амангелдиева да қуантты. Кіші финалда Альбина алаң иесі Ирода Матмуратовадан басым түсіп, қола медаль иеленді.

Финалдық кездесуде үнді қызы Сунибале Деви Худромнан жеңіліп қалған біздің Анар Сейтімова қолаға қол созым жерде тоқтады.

Осылайша, Ташкент турнирінде Қазақстан құрамасы бес медаль жеңіп алды: 1 алтын, 1 күміс, 3 қола).

Алтын

Гүлжан Исанова (+78 кг)

Күміс

Александра Подрядова (48 кг)

Қола

Назгүл Кубашева (57 кг)

Мариан Ордабаева (63 кг)

Альбина Амангелдиева (-78 кг)

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар