Александра Подрядова: «Ағымдағы жыл ерекше ауыр болды»
Екі Әлемдік Гран-придегі екі жеңіліс. Екі финал – екі күміс. Сол белдесулерде алтыннан алқа тағынамын деп үміттеніп, нәтижесінде екінші орыннан көрініп, еріксіз көз жасына ие бола алмағандар бар. Қазақстан құрамасының талантты да, ер мінезді дзюдошысы Александра Подрядова (48 кг) біздің порталдың кезекті қонағы…
Шымкенттің 24 жасар дзюдошы соңғы бір-екі аптада біраз сынға кездесіп отыр. Алматы мен Ташкентте өткен Әлемдік Гран-при турнирлерінің финалдық тартыстарында Саша қатарынан екі рет жеңіліс тапты. Сонда қарсыласынан әлсіз болғаны ма? Ірі қателіктерге бой алдырды ма? Жоқ. Бұл жеңілістердің астарында мүлде басқа себептер жатыр …
- Алматылық финалда жағымсыз жағдай орын алды, - деп Подрядова мойындады. – Ресейлік балуанды бағындыруға жақын қалғанымда, менің бұрыннан бері ауыратын тізем сыр берді. Алғаш рет дзюдоға бет бұрғанымнан бері, бұл дерт мені шыр айналдырып келеді. Тізем қараптан-қарап тайып кететінді шығарды. Мен осы үшін де не істемедім десеңізші?! Біраз ем-дом қабылдадым. Ең өкініштісі, нағыз шешуші тартысқа дейін еш жерім ауырмай жеттім. Ал финал алдындағы жаттығуда тізем қайта ауырып, орнынан тая бастады. Нәтижесінде осы тіземнің ертелі-кеш мені қапыда қалдыратынына, мен өзімді алдын-ала сендіріп келдім. Қапсыра ұстау кезінде аяғым қайырылып, шынтағым тайып кетті. Мен қолымды бос қойғанымда, қарсыласым мені тұншықтыра тақымына басты. Әрине, сол кезде қатты өкіндім. Отандық жанкүйерлерімнің алдында қарқыны менен бәсең болған қарсыласыма алтынды оп-оңай беріп қойдым. Жалпы, ары қарай айтпасақ та болады …
- Ташкентте не болған еді? Тағы да тізеңіз бе?
- Жоқ, ол кезде құдайға шүкір, жарақатым финалдық тартыста кедергі болған жоқ. Түсініксіз түрде маған «шидо» тағайындаған төрешілер «көмектесті». Айтуларынша, қысып ұстағандықтан. Бірақ маған жаза қолданбас үшін барынша абайлап қимылдадым. Білмеймін. Барлығы да төрешілердің қолындағы нәрсе. Мүмкіндік беріп қойған болармын, түсініксіз жағдай. Қарсыласым болған израильдік балуан туралы мынаны айтар едім: оның бойы менен кіші болғандықтан, онымен тартысқа түсу ыңғайсыз болды. Жылауға дейін бардым. Сол кездегі халімді білсеңіздер ғой. Екі лицензиялық турнирде де, ірі жеңіліске ұшырадым. Әсіресе, бір апта ішінде болған жеңіліс. Масқара!
- Осыдан кейінгі жаттықтырушының сөзі?
- Алтын алатын белдесуің еді, бірақ мүмкіндігіңді жіберіп алдың деді. Артынша, денсаулығыма байланысты қол жеткізген екі күміс – жоқтан жоғары нәтиже, деп алып қосты. Бір сөзбен айтқанда, боз кілеммен аз ғана уақыт қол үзуім керек (Қазақстан чемпионатына дейін – А.П.), себебі мен шын мәнісінде, спорттық бітімім құлдырап кеткен. Әрине, мен бұл өмірде оптимистпін, жаңа белестерімнің ауылы алыс еместігінен үміттімін. Алайда қазіргі таңда өзімді шаршаңқы сезінемін.
- Сонымен, ағымдағы жыл оңай болмады ма …
- Айтпаңыз, өте ауыр болды (еріксіз күлімсіреп). Үнемі салмақ қуудың әсерінен Гран-приге дейін үш үлкен жарақат алып үлгердім. Мен он жыл бойы 48 келі салмақ санатында белдесіп келемін. Жиі сапарға шығатын болғандықтан, жылына он бес рет салмақ жоғалтуға тура келетін. Кальцийлер шайылып, сүйектерім әлсірей бастады. Бастапқыда мен 52 келіге дейін салмақ қосамын деп жоспарлаған едім, Лондон Олимпиадасынан кейін, тіпті осы салмақ санатында Талдықорғандағы Қазақстан чемпионатында өнер көрсеттім. Сол кезде де екінші орыннан (күлімсіреп), «хантей» тәсілі бойынша жеңіліс таптым. Одан кейін, біріншіліктің соңғы күнінде командалық тартыстар басталды. Облыс мені сол байқауға қатысуымды өтінді. Қатты шаршағандықтан, мен үзілді-кесілді бас тарттым. Нәтижесінде амалсыз келістім. Бекер екен. Осы бәсекеде мен аяғымнан ауыр жарақат алдым. Менде сіңірім жарылып, кішігірім тыртық пайда болды. Үйге оралғанымда, маған гипс қойды. Мен мүмкін болған үш аптаның бір аптасында гипсті арқалап жүрдім. Себебі алда оқу-жаттығу жиындары болатын, сондай-ақ өз салмағымдағы бәсекелестерімнен қалып қойғым келмеді. Одан кейін боз кілемге шыққанымда, өзімді ойдағыдай сезініп, қалыпты жағдайға түстім. Алайда Чехиядағы Әлем кубогына екі апта қалғанда мені жиындағы жаңа бақытсыздық күтіп тұрған еді. Жиында ер баламен спаррингтік белдесу өткізіп, қабырғамды сындырып алдым. Мінекей, жалпы жайсыз жыл болды деген осы! Одан ары дәрігер ауыруды сездірмейтін екпе салып (қабырғаға салды –А.П. ), біз Чехияға жол тарттық. Бірінші айналымда мен украин спортшысына қарсы шықтым. Онымен екі «юка» басым түстім, қарсыласымды тізесінен ұстап лақтырып жатқанымда, ол менің қолымнан шап беріп, ауыртпа тәсілге көшті. Төреші «мате» береді деген үмітпен, бұл ауырту тәсіліне шыдап бақтым. Бірақ олай бола қоймады, қарсыласым қырық секунд бойы тырп еткізбеді. Ақырында «мате» тағайындалғанда, менің қолымның жағдайы мәз емес-тін. Үйге келгенімде тіземе зақым келгенін білдім. Қолым қатты ісіп кеткендіктен, «егер тиісті шара қолданбасаң, қолыңнан айырыласың» деген арам оймен хирургке бардым. Мен үш ай бойы қолымды емдеумен болдым, қалпына келу курсынанкейін бірінші болып Бразилиядағы әлем чемпионатына қатыстым. Дебютті белдесуімде түркі балуанына қарсы тұрып, жеңіске жеттім. Кейінгі тартыста тәжірибелі жапон спортшысы Харун Асамиге есе жібердім. Лақтыра алғандығымен, ол менің лақтырысымды оңтайлы пайдаланып кетті.
- Ия, жайлы емес, өкініші мол жыл болды. Шыныңды айтшы, қиналған сәттеріңде спорттық мансаппен қош айтысамын деген ой болды ма?
- (күлімсіреп) Әзірге ондай ойым болған емес, кейінгісін көре жатармыз. Егер осы жарақаттар мені әрі қарай паналайтын болса, онда татамиге шығудың еш мәнісі жоқ. Басқа спортшылар боз кілемге шыға берсін. Әйтсе де, алдағы жыл шешуші болмақ. Әзірге 2016 жылғы Олимпиададан бас тартатын ойым жоқ.
- Бразилияға дейін біраз уақыт бар. Одан бері жылдарды алайық. 2014 жыл. Толыққанды қалпыңа түскен кездегі спорттық жоспарларыңмен бөліссең?
- Ең басты жарыс– келесі жылы болатын Азия ойындары болмақ. Біріншіден олар төрт жылда бір рет өтетін старт, екіншіден, құрлықтық қатысушы ретінде Қазақстан үшін маңызы бар дода. Осыдан кейін Челябідегі әлем чемпионаты бар. Әрине, жарақатыма қарамастан, мен аталған бәсекелердің алтынынан дәмелімін. Күмістен көңілім қалды (күлімсіреп)…
- Әйелдер құрамасындағы өзекті проблемалар туралы нені айтар едің?
- Бізге сырт алаңдағы белдесулер жетіспейді. Біз жиындарда өзара белдесеміз. Тек классикалық белдесулер ғана өткіземіз. Жарысқа келгенімізде қарсыластар жоғарыдан қапсыра ұстау әдісін қолданып, біз барлығымыз есімізден танамыз. Бұл үлкен кемшілік.
- Бұл кемшілікті түзетуге Федерация уәде берді ме?
- Ия, қазір біздің құраманы Моңғолияда өтетін үш апталық жиынға жіберу жоспарлануда. Жиын қожайындармен бірге өткізіледі. Айтуларынша, бұдан кейін сырт алаңдардағы жиындар көптеп ұйымдастырылмақ. Біздің жаттықтырушының қуанышында шек жоқ. Лондон Олимпиадасынан кейін біздің команда жаңа дзюлошылармен толықты. Сырт алаңға барып масқара болғанша, одан да бойымды әзірге тасалай тұрғаным абзал. Бір сөзбен, тәуекелге бел байлағым келмейді.
- Қазіргі таңда қазақстандық дзюдо жақсы дамуда. Бір Академия құрылысының өзі қайда жатыр...
- Біздің елімізде дзюдо ерекше қанат жайған спорт түріне айналды деп есептеймін. Біздің спортшылардың арасындағы бәсекелестікке қараңыздар. Бұрын соңды медаль үшін 60 келі салмақ дәрежесінде мұншалықты бәсекелестер болған емес. Бұрындары бұл салмақ санатында екі ғана үміткер – Базарбек Донбай мен Саламат Отарбаевтар болған. Олар басқа спортшылардың ешқайсысына мүмкіндік бермейтін. Ал қазір Елдос Сметов бар, оның артынша - Айбек Имашев, Асхат Тельманов, Рустам Ибраевтардан құралған «бригада» бар. Төрт спортшы да Алматыда өткен Гран-при жеңіс тұғырының сатыларынан көрінді. Керемет емес пе?! Міне, осындай бәселекелестіктер не істейтпейді. Мен де осының арқасында жетілдім. Біз Келбет Нұрғазинамен бірге үнемі ұрыс алаңына түсетінбіз. Ол арқанға бес рет мінсе, мен – алты рет, немесе керісінше болатын. Ол үнемі менен бір саты жоғары, ал мен одан бір сатыға жоғары болуға тырысатынбыз. Екеумізге де жаттықтырушы: «Егер өсу қарқыны байқалмаса – басқасын қоямыз» деп айтатын. Сондықтан да, бәсекелестік болған жерде, нәтиже де болатынын түсіндік.
- Барлық жерлестеріміз Максим Раковқа ерекше үміт артып отыр. Алайда әзірге, әрине, алматылық Гран-придегі жеңісін қоспағанда, оның еншісінде екі ірі – Лондон Олимпиадасы мен Бразилиядағы әлем чемпионатындағы жеңілісінің бар екендігі баршаға аян. Сендер жақсы байланыстасыңдар, сәтсіздіктеріңнің себептерінен де хабардарсыңдар. Сенің ойыңша, Максимнің мүмкіндігі қаншалықты?
- Бұған қарамастан, Макс біздің лидер болып қала береді. Ол 2009 жылғы әлем чемпионыжәне 2011 жылғы ӘЧ күміс жүлдегері, алайда ол ешқашан да «жұлдыз ауруымен» ауырған емес. Максим барлығымен бірдей қарым-қатынаста. Бұл сирек кездесетін жағдай. Өте жақсы бала. Не үшін жеңілістер орын алды дейсіз бе? Себебі Максимді барлығы психологиялық жағынан тығырыққа тірейтін. Лондонның алдында оған: «Максим, сен алтын алуға тиіссің», «Максим, сен міндеттісің», «Әлемдік рейтингте бірінші орындасың» дегендер жиі айтылатын. Оған қаншалықты қиын болғанын білесіздер ме? Бала осындай қысымнан тығыларға тесік таппай жүретін. Салдарынан ірі жеңіліске ұшырады. Енді, Олимпиададан кейін жинақы бола алмай жүр. Ия, қырсық шалғанда кедергі болатын жарақаттары да баршылық. Әйтсе де, Макс бұл тығырықтан да шығар жолды табарына сенімдімін. Ол мықты дзюдошы. Алтын бала!
Александра Подрядова. Дзюдодан Қазақстан құрамасы. Лондон Олимпиадасына қатысушы.
Алматыдағы Әлемдік Гран-приге дейінгі тартыс жолы
- Айзада Жаналиеваны жеңді (Қырғызстан) – кіріспе раунд
- Кристина Врсичтен (Словения) басым түсті – жартылай финал
- Кристина Румянцевадан (Ресей) жеңіліс тапты - финал
Ташкенттегі Әлемдік Гран-приге дейінгі тартыс жолы
- Кристина Ковалеваның (Өзбекстан) сағын сындырды – жартылай финал
- Шира Ришониден (Израиль) жеңіліс тапты - финал
0 пікірлер