«KAZSPORT» ТЕЛЕАРНАСЫ ДЗЮДОДАН АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫН КӨРСЕТЕДІ
«Kazsport» телеарнасы 15-17 сәуір күндері Ташкент қаласында өтетін дзюдодан Азия чемпионатын көрсетеді. Аталмыш турнирде Рио-де-Жанейрода өтетін Олимпиада ойындарының лицензиялары сарапқа салынады.
Қазақстан құрамасының бапкерлері Өзбекстан астанасында өтері жарысқа команданың таңдаулы құрамын қосады. Атап айтсақ, ел намысын қорғайтын спортшылар арасында 2015 жылғы әлем чемпионы Елдос Сметов, 2009 жылғы әлем чемпионы Максим Раков, 2015 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері Рүстем Ыбыраев және үстіміздегі жылы өзі қатысқан әлемдік Grand Prix және Grand Slam сындарының барлығында жүлдеге ие болған Галбадрах Отгонцегцег бар.
«Kazsport» телеарнасы Азия чемпионатының барлық финалдық сындарын тікелей эфирде көрсетеді. Бәсекелердің барлығы Астана уақытымен 18:00-де басталады.
Қазақстан құрамасының толық құрамы:
Ерлер:
Елдос Сметов (60 келі)
Рүстем Ыбыраев (60 келі)
Жансай Смағұлов (66 келі)
Елдос Жұмақанов (66 келі)
Дастан Ықыбаев (73 келі)
Дидар Хамза (73 келі)
Әзиз Қалқаманұлы (81 келі)
Дәулетхан Жақыпов (81 келі)
Максим Раков (100 келі)
Ержан Шынкеев (+100 келі)
Қыздар:
Александра Подрядова (48 келі)
Галбадрах Отгонцецег (48 келі)
Ленария Мингазова (52 келі)
Айкүнім Түйтекова (52 келі)
НазгүлҚұбашева (57 келі)
Анна Казюлина (57 келі)
Мариан Ордабаева (63 келі)
Жанар Қашқын (70 келі)
Дильбар Умиралиева (70 келі)
Альбина Амангелдиева (70 келі)
Гүлжан Исанова (+78 келі)
0 пікірлер