Орта Азияда 2015 жылы жасалған жұмыстарға есеп берілді
Ташкентте Азия біріншілігі аясында өткізілген жиында Азия дзюдо одағының вице-президенті және Орталық – Азия аумағының президенті ретінде Мықтыбеков Маратбек есеп берді. Баяндаманың қысқаша нұсқасы:
2015 жылы Халықаралық дзюдо федерациясының күнтізбесіне Орта Азиядан 4 Халықаралық жарыс пен 3 бірлескен жаттығу жиыны тіркелген болатын. Биыл 2016 жылы да осындай халықаралық жарыстар Халықаралық Дзюдо федерациясының күнтізбесіне бекітілді. Олар: Лицензиялық Азия чемпионаты (Ташкент, Өзбекстан), Лицензиялық Гран При (Алматы, Қазақстан), Жастар мен Жасөспірімдер арасында JUA Азия турнирі (Шыршық, Өзбекстан), Гран При (Ташкент, Өзбекстан).
Қазақстанда алғаш рет өткізілген Әлем Чемпионатына 120 елден 723 спортшы келген еді. Онда Орта Азия елдерінің спортшылары 2014 дылғы Челябіде өткен әлем чемпионатынан белсендірек болғанын атап өткен жөн. 2014 жылғы Әлем Чемпионатына Орта Азиядан 59 спортшы қатысса, былтырғы чемпионатта 62 спортшы қатысып, 3 медальға ие болды. Олар: Елдос Сметов – алтын (60 келі, Қазақстан), Рустам Ибраев – күміс ( 60 келі, Қазақстан) және Сабиров Ришод – қола (66 келі, Өзбекстан).
Чемпионат барысында Қазақстан Дзюдо Федерациясы әлемнің 53 мемлекетінен келген 193 спортшыны тегін тамақ және жататын орындармен қамтамасыз етті. Астанада өткен әлем чемпионаты Халықаралық Дзюдо федерациясы тарапынан өте жоғары бағаланды.
Сондай-ақ, Халықаралық Дзюдо федерациясының қаржылық көмегімен Ташкентте (Өзбекстан) Азия дзюдо орталығы ашылды. Ол жерде Орта Азиядағы спортшылар бір емес, бірнеше рет жаттығу жинын да өткізді.
2013 жылдың 28 қыркүйегінде Алматыда (Қазақстан) дзюдо орталығының құрылысы басталды. Оған арнайы Халықаралық Дзюдо федерациясының президенті Мариус Визер алғашқы құрылыс жұмысына қатысқан еді. Сонымен қатар, Алматы қаласындағы дзюдо орталығы Халықаралық дзюдо федерацияясының «Sat&Co» компаниясы мен Қазақстан Дзюдо федерациясының қаржылай демеушілігімен салынғанын естеріңізге саламыз.
Алматы қаласында өтетін Гран При турнирі аясында 13 мамырда аталмыш спорт кешенін ресми ашылуына шақырамыз. Салтанатты ашылу рәсіміне Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, Алматы қаласы әкімі Бауыржан Байбек, Халықаралық дзюдо федерациясының президенті Мариус Визер және ҚР Дзюдо федерациясы президенті Кеңес Рақышев қатысады.
Бұл орталықтың мақсаты – Орта Азия елдеріндегі дзюдоны дамытуға үлес қосу.
Осы сәтті пайдалана отырып, құрметті әріптестер, сіздерді 13 мамыр сағат 15:00-де Дзюдо академиясының ашылу салтанатына шақырамын.
0 пікірлер