Жаңалықтар
20:11 | 12 қараша 2017
Бүгін Ақтөбе қаласында дзюдодан Қазақстан Чемпионаты аяқталды. Ел біріншілігінің үшінші күнінде дзюдошылар 5 салмақ бойынша белдесті:
Ерлер -90 кг, -100 кг, +100 кг;
Әйелдер -78 кг, 78 кг;
Сонымен қатар, бүгін бірқатар спорт жанашырларын ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің 25 жылдығы медалімен марапатталды. Атап айтқанда, Пекин Олимпиадасының күміс жүлдегері Житкеев Асхат Расулұлына, Әлем чемпионатының қола жүлдегері Шахаров Асхат Берлешұлына, ҚР Еңбек…
20:24 | 11 қараша 2017
Ақтөбеде «Жекпе-жек» спорт кешенінде дзюдодан Қазақстан Республикасының Чемпионатының екінші күні аяқталды. 5 салмақ бойынша бақтарын сынаған дзюдошылар өзара мықтыны анықтады.
Назарларыңызға екінші күннің қорытындысын ұсынамыз:
Ерлер:
73 кг
1.Азамат Муқанов (Қазақстан Дзюдо федерациясы)
2.Жансай Смағұлов (Қарағанды облысы)
3.Жанболат Бағытбергенов (Ақтөбе облысы)
3.Елдос Жұмаханов (Алматы қаласы)
81 кг
1. Дидар Хамза (ОҚО)
2. Қажымұқан Өтеулиев (Алматы қаласы)
3.Бекжан Абдуалиев (Ақтөбе облысы)…
22:33 | 10 қараша 2017
10 қараша күні Ақтөбе қаласында дзюдодан ерлер мен әйелдер арасында Қазақстан Республикасының Чемпионаты басталды. «Жекпе-жек» спорт сарайында өтіп жатқан айтулы додаға еліміздің 14 облысынан және Астана, Алматы қалаларынан барлығы 400-ден астам дзюдошылар қатысып жатыр.
Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев белдесулерді тамашалап, ел чемпионатының бірінші күнінің жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады. Сондай-ақ, барлық қатысушыларға сәттілік тілеп, бүгінгі чемпионаттың салтанатты ашылуымен құттықтады.
Салтанатты ашылу…
21:09 | 09 қараша 2017
Бүгін Ақтөбе қаласы «Дастан» қонақүйінде дзюдодан ерлер мен әйелдер арасында өтетін Қазақстан чемпионаты алдындағы баспасөз-конференциясы өтті. «Жекпе-жек» спорт кешенінде өткізілетін айтулы додаға еліміздің 14 облысынан және Астана мен Алматы қалаларынан 400-ден астам дзюдошылар қатысады. Алайда, еліміздің беделді дзюдошылары, атап айтқанда, Әлем Чемпионы, Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері Елдос Сметов пен Әлем Чемпионы Максим Раков жарақаттарына байланысты чемпионаттан босатылған. Ал, қыздар ұлттық…
15:13 | 06 қараша 2017
9-13 қараша күндері Ақтөбе қаласында дзюдодан Қазақстан Республикасының Чемпионаты мен кубогы өтеді. Ақтөбе қаласындағы «Жекпе-жек» спорт кешенінде өтетін ел біріншілігіне еліміздің 14 облысы және Астана мен Алматы қаласынан барлық дзюдошылар қатысады.
Еліміздің ең беделді дзюдошылары, атап айтқанда, Әлем Чемпионы, Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері Елдос Сметов пен Әлем Чемпионы Максим Раков жарақаттарына байланысты чемпионаттан босатылған. Ал қыздар ұлттық құрама командасынан барлық…