Жаңалықтар
22:53 | 09 наурыз 2018
Мароккода (Агадир) өтіп жатқан Гран При турнирінде қазақстандық дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев (60 кг) финалда түрік балуаны Озлу Бекирді жеңіп, жарыс жеңімпазы атанды.
60 келіге дейінгі салмақта сынға түскен қазақстандық Ғұсман Қырғызбаев жарысқа екінші айланымда қосылып, алғашқы қарсыласы словениялық Дэвид Старкелден басым түсті. Өзінің екінші белдесуінде марокколық Джэви Мохаммедтен айласын асырған отандасымыз жартылай финалға жолдама алды. Жартылай финалда татами иесі Ясин…
21:08 | 07 наурыз 2018
Бүгін Талдықорғанда дзюдодан жастар арасында Қазақстан Республикасының Чемпионаты аяқталды. Чемпионатқа Астана және Алматы қалаларымен қатар еліміздің 14 облысының дзюдошылары қатысты. Үш күнге созылған Қазақстан Чемпионатының нәтижесін назарларыңызға ұсынамыз:
Қыздар
44 кг
1. Адия Сайын (Қызылорда облысы)
2. Маргарита Бажаева (Қарағанды облысы)
3. Әсем Берік (ОҚО)
3. Еркежан Махмұдова (ШҚО)
48 кг
1. Ғалия Тынбаева (Алматы қаласы)
2. Салтанат Сұлтанбекова (Қызылорда…
22:20 | 04 наурыз 2018
Бүгін Анталияда дзюдодан кадеттер арасында Еуропа кубогы өз мәресіне жетті. Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан кадеттер құрамасы 5 алтын, 2 күміс және 7 қола жүлдемен медальдар кестесінде 2-орынмен аяқтады.
Назарларыңызға қазақстандық жеңімпаздар мен жүлдегерлер тізімін ұсынамыз:
Алтын - Шерзод Давлатов (55 кг)
Алтын - Данияр Шамшиев (60 кг)
Алтын - Аян Байғазы (81 кг)
Алтын - Бекарыс Сәдуақас (90 кг)
Алтын…
22:27 | 03 наурыз 2018
Прагада ерлер арасында дзюдодан Еуропа кубогы өтіп жатыр.
Қазақстандық Жақсылық Жеңісбек (60 кг) финалда франциялық Финсент Лимарға есе жіберіп, жарыстың күміс жүлдегері атанды.
Ал 66 келіде белдескен балуанымыз Қайрат Ағыбаев жұбаныш финалында украиналық Геворг Хачатрянды иппонмен жеңіп, Қазақстан қоржынына қола жүлдені салды.
Жарыстың бірінші күнінде Қазақстан сапынан Қылыш Еренғайыпов (60 кг), Жақсыбек Жеңісбек (60 кг), Қайрат Ағыбаев (66 кг), Бауыржан…
16:48 | 03 наурыз 2018
4-7 наурыз күндері Талдықорған қаласында дзюдодан жастар арасында Қазақстан Республикасының Чемпионаты өтеді. Чемпионатқа 1998-1999 жылдары туылған жас дзюдошылар қатысады. Аталмыш ел біріншілігінде жеңімпаз және жүлдегер атанған татами шеберлері 2018 жылы халықаралық жарыстарға, соның ішінде Азия Чемпионаты мен Әлем біріншіліктеріне қатысуға мүмкіндік алады.
Үш күнге жоспарланған жылдың маңызды додасына халықаралық ареналарда ел намысын абыроймен қорғап жүрген жас таланттар да қатысады. Атап…