Жаңалықтар
01:09 | 11 наурыз 2019
Ерасыл Қажыбаев - Гран При турнирінің күміс жүлдегері
Ерасыл Қажыбаев Марокконың Мараккеш қаласында дзюдодан өтіп жатқан Гран При жарысының күміс жүлдегері атанды. Ол ақтық финалда германиялық Свен Хейнлимен кездесіп, есе жіберді.
Сондай-ақ, 100 келіге дейінгі салмақта қола жүлде үшін күрескен Айбек Серікбаев жұбаныш финалында есе жіберіп, жарысты 5-орынмен аяқтады.
Естеріңізге сала кетсек, дәл осы жарыста 66 келіге дейінгі салмақта белдескен…
23:37 | 08 наурыз 2019
Қазақстандық дзюдошы Ерлан Серікжанов Мароккода өтіп жатқан Гран При жарысының қола жүлдегері атанды. Ол жұбаныш финалында өзбекстандық қарсыласы Шахрам Ахадовты ұтты.
66 келіге дейінгі салмақта күрескен отандасымыз Ерлан жарыс барысында 5 кездесу өткізіп, оның 4-еуінде жеңіске жетті.
Алғашқы қарсыласы испаниялық Даниель Перез Романды иппонмен екінші белдесуінде сербиялық Страхиния Бунцикті жеңді. Ширек финалда Италия спортшысы Пираз Маттеоны ұтып, жартылай финалға шықты.…
12:03 | 07 наурыз 2019
Қазақстан дзюдо федерациясының президенті Қайрат Пернешұлы Қожамжаров барша әйелдер қауымын халықаралық әйелдер күнімен құттықтады!
Құрметті ханымдар!
Дзюдо Федерациясы атынан 8-наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын!
Сіздердің бойларыңызда нәзіктік пен қайсарлық, биязылық пен табандылық тең ұштасқан. Әр-қайсыңыз еңбекқорлық және шыдамдылықтың үлгісі болып табыласыздар!
Қол жеткізген жетістіктеріңіз спорт әлемінде еліміздің абыройын арттырып, халқымыздың мерейін үстем етуде.
Біз сіздерді әрқашанда мақтан тұтамыз.
Мерекелеріңізбен…
11:11 | 07 наурыз 2019
Ертең, 8 наурыз күні Мароккода дзюдодан Гран При жарысы басталады. 71 елден 487 дзюдошы тіркелген жарысқа Қазақстан құрама командасынан 19 спортшы қатысады деп жоспарланған. Олар:
Ерлер:
Бауыржан Нарбаев (-60 кг)
Мағжан Шамшадин (-60 кг)
Ерлан Серікжанов (-66 кг)
Әбілхайыр Мәуленин (-66 кг)
Ақылбек Серік (-73 кг)
Жансай Смағұлов (-73 кг)
Дидар Хамза (-81 кг)
Руслан Мұсаев (-81 кг)
Азиз Қалқаманұлы…
19:25 | 05 наурыз 2019
Атырауда дзюдодан жастар арасында Қазақстан Республикасының аралас командалық Чемпионаты аяқталды. 1999-2000 ж.т. жастар арасында өткен бүгінгі жарысқа 16 команда қатысты. Атап айтқанда, Қостанай облысы, Шымкент қаласы, Маңғыстау облысы, Қарағанды облысы, ШҚО, Қызылорда оьлысы, Ақтөбе облысы, Алматы облысы, Астана қаласы, Жамбыл облысы, Ақмола облысы, Павлодар облысы, Алматы қаласы, Атырау облысы, Түркістан облысы және БҚО жастар құрама командасы.
Нәтижесінде, Алматы қаласының құрамасы…