Жаңалықтар

12:51 | 04 ақпан 2014
2014 жылдың 5-13 ақпан аралығында Париж қаласында «Гранд -Слам» Халықаралық турнирі өткізіледі. Қазақстан намысын ерлер мен әйелдер ұлттық құрамасының 14 спортшысы қорғайтын болады. Ерлер құрамасы: Төренов Ертуған Болат Тимур Раков Максим Сметов Елдос Мұқанов Азамат Телманов Асхат Есімбетов Ғабит Лим Сергей Смағұлов Жансай Әйелдер құрамасы: Байқұлова Айгүл Александра Подрядова Мариан Урдабаева Динара Құдарова Альбина Амангелдиева
17:23 | 02 ақпан 2014
2014 жылдың 30 қаңтарында Кувейтте «Дзюдо федерациясы» РҚБ Бірнші вице-президенті Дзюдодан Азиада Одағы атқарушы комитетінің кезекті жұмыс отырысына қатысты. Кеңес барысында Кореяда өтетін 2014 жылғы Азия ойындарына, Гонконгта өткізілетін кадеттер арасындағы 8-ші Азия чемпионаты мен жастар арасындағы 15-ші Азия чемпионатына дайындық барысы талқыланды. Сондай-ақ, отырысқа қатысушылар олимпиаданың біліктілік жүйесін және басқа да ұйымдастырушылық мәселелерге қатысты сұрақтарды қарастырды.
18:29 | 01 ақпан 2014
«Дзюдо федерациясы» РҚБ Дөңбаев Бекет Төреқұлұлының қайтыс болуына байланысты жақындары мен туыстарының қайғыларына ортақтасып көңіл айтады.
14:51 | 15 қаңтар 2014
Халықаралық дзюдо федерациясы мен венгерлік дзюдо қауымдастығы 2014-2016 жж аралығында Гран Приді Будапештте өткізу туралы үшжылдық келісім-шартқа қол қойды. Келісім-шарт сенбі күні Будапешттегі баспасөз мәслихатында жасалды. Ағымдағы жылғы Гран При Будапештте, 21 - 22 маусымда өтеді. Аталмыш шарт IJF президенті Визер мырза, венгерлік дзюдо қауымдастығының президенті Ласло То және Венгрия кадрлық ресурстар министрлігінің спорт және жастар істері жөніндегі мемлекеттік хатшысы…
14:47 | 15 қаңтар 2014
Испанияның курортты Малага қаласында Халықаралық дзюдо федерациясының ұйымдастыруымен төрешілер мен жаттықтырушыларға арналған алғашқы семинар басталып кетті. Семинар кезінде қатысушылар назарына 2014 жылдың 1 қаңтарында күшіне енген жаңа IJF төрешілер ережесінің тәжірибелік және теориялық үлгісі таныстырылып, 2016 жылғы Олимпиадалық біліктілік турасында да айтылып өтті. 10 қаңтар күні, таңғы сағат 10.00-ден бастап www.ippon.tv сайтынан онлайн семинарларды көруге мүмкіндік жасалған. Келесі семинарлар Майямиде…

Әлеуметтік желідегі парақшалар