Жаңалықтар

15:33 | 14 қазан 2014
Айдын Смағұлов қазақ дзюдошыларының арасында алғаш болып Олимпиада жүлдесін тағынған балуан. 2000 жылы Сидней төрінде жайылған татамиден ол қоламен оралды. Алайда, бұл медаль біздің емес, көршілес Қырғызстанның еншісінде кетті. Әйткенмен, осыдан 14 жыл бұрынғы көрсеткіш әлі де болса қазақ дзюдосының тарихында құнды саналады. Мейлі, ол өзге елдің атына жазылса да... Бүгінде танымал бапкерге айналған талантты балуан сұхбат берген болатын. -…
18:55 | 02 қазан 2014
Ағымдағы жылдың 10-12 қазан аралығында Астанада алғаш рет дзюдодан Гран При жарысы өткізілмек. Оған әлемнің 38 мемлекетінен спортшылар қатысады деп жоспарланған (366 қатысушы: 205 ер мен 161 қыз). Жарыс «Сарыарқа» республикалық велотрегінде өтеді. Басталуы 10- шы қазан, сағат 10.00. Ресми баспасөз-конференциясы қазанның 9 сағат 15.00 «RIXOS» ( «Шанырақ» залы) қонақ үйінде өткізіледі. БАҚ өкілдерін тіркеуді халықаралық дзюдо федерациясы келесідей сайтта…
10:01 | 26 қыркүйек 2014
Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласынан дзюдодан Қазақстан құрамасының спортшылары абыроймен оралды. ХVІІ жазғы Азия ойындарында біздің дзюдошыларымыз әртүрлі деңгейдегі алты медальді жеңіп алды. Ермек Имамбеков, дзюдодан Қазақстан құрамасының бас бапкері: - Мен жігіттердің көрсеткішіне ризамын. Алға қойған мақсатымызды орындадық. Азия ойындарында бізге алтын, күміс, қола медаль иеленіңдер деген болатын. Бұл үш жүлдені де жеңіп алдық. Елдос Сметов Азиада алтыны бұйырған алғашқы…
19:52 | 23 қыркүйек 2014
Дзюдодан Қазақстан құрамасы Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласындағы Азия ойындарын аяқтады. ХVІІ жазғы Азия ойындарында отандық татами шеберлері төмендегідей нәтиже көрсетті: Ерлер құрамы Елдос Сметов – алтын Максим Раков – күміс Азамат Мұқанов – қола Командалық сында екінші орын – күміс Әйелдер құрамы Ленария Минғазова – қола Мариан Ордабаева – қола Командалық сында бесінші орын
17:28 | 21 қыркүйек 2014
Осыдан төрт жыл бұрын Гуанджоу татамиінде бұйырмай кеткен жүлде енді Марианның еншісінде. 63 келіде сынға түскен дзюдодан Қазақстан құрамасының мүшесі Мариан Ордабаева Инчхондағы Азия ойындарының (19 қыркүйек – 4 қазан) қола жүлдегері атанды. Өткен Азия ойындарында Ордабаева қола жүлдеден айырылып қалған еді. Сондықтан, биыл ол қалайда есе жібермеу үшін аттанды. Қуанышқа қарай, Марианның ойы орындалды. Қола медальға күресте ол моңғол…

Әлеуметтік желідегі парақшалар