Жаңалықтар

15:47 | 27 наурыз 2015
Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл толуына орай Астана қаласында жасөспірімдер арасында дзюдо күресінен жарыс өткізілді. Оған қаланың дзюдо үйірмелері , спорт мектебі мен Ерейментау, Степногор, Мартыновка және Қарқаралы аудандарынан 200 –ге тарта спортшы қатысты.
15:33 | 27 наурыз 2015
Германияда жастар арасында өткен халықаралық жарыста Роза Духтурбаева (78 келіден жоғары ) қола медаль иегері атанды. Сонымен қатар, Жанар Қашқын 5-ші орынға тұрақтады. Спорт додасына 18 мемлекеттен 400 қыз қатысты.
15:00 | 27 наурыз 2015
Будапешт 2017 жылғы дзюдодан әлем чемпионатын қабылдайды. Бұл туралы IJF Халықаралық дзюдо Федерациясының президенті Мариус Визер дүйсенбіде Венгрияның дзюдо федерациясы президенті Ласло Тот пен Венгрияның спорт министрі Ласло Шимицкомен келісім-шартқа қол қойды. Бұл шартқа сәйкес Венгрияның үкіметі жарысты ұйымдастыру мен өткізуде жан-жақты қолдау көрсетеді. Турнир Венгрия тарихындағы дзюдодан алғашқы әлем біріншілігі болып табылады. "Венгрияның 2024 жылғы Олимпиада ойындарын өткізуге кандидат…
16:19 | 25 наурыз 2015
Германияның Бремен каласында дзюдодан жастар арасында Еуропа кубогы өткізіліп, оған 900 спортшы қатысты. Жарыс нәтижесі бойынша Бауыржан Жауынтаев (60 келі) пен Ерлан Серікжанов (66 келі) және Еламан Ерғалиев (100 келі) кубоктың қола жүлдесін иеленді.
19:51 | 21 наурыз 2015
Қазақ дзюдошысы Дастан Ықыбаев Тбилисиде (Грузия) өтіп жатқан Гран При жарысының күміс жүлдесін жеңіп алды. 73 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде күресетін спортшы жеребе тарту нәтижесі бойынша бірден екінші айналымға шықты. Алғашқы кездесуінде ол ресейлік Денис Ярцевті ұтты, екінші белдесуінде армениялық Давид Никогосяннан басым түсті. Жартылай финалға жолдама алу үшін ол әзірбайжан спортшысы Хусейн Рахимлиді жеңді. Жартылай финалда Дастан татами иесі…

Әлеуметтік желідегі парақшалар