Жаңалықтар

19:44 | 15 маусым 2015
Ануар Сариев (60 келі) Қазақстаннан алғашқы болып мүмкіндігі шектеулі жандардың арасында өткен бүкіләлемдік ойындардың қола жүлдегері атанды (Сеул, Корея) . Медальдан бөлек ол, Рио- де -Жанейрода (Бразилия) өткізілетін Паралимпиада ойындарына жолдама алды. Оның жеке бапкері Қиянов Жандос Қарақожаұлы.
00:25 | 14 маусым 2015
Халықаралық дзюдо федерациясының сайтында (http://www.datastat.si/IJF_media/) Астанада 24-30 тамыз аралығында өткізілетін әлем біріншілігіне журналистерді тіркеу жалғасуда. Жарыс өткізілетін «Алау» мұзайдыны сарайында тілшілер қауымы үшін баспасөз орталығы жұмыс істейтін болады.
00:16 | 14 маусым 2015
Дзюдо күресінен Астанада өткізілетін әлем біріншілігінде 17 мемлекеттің спортшылары қатысатындықтарын растады. Төмендегі елдердің спортшылары додалы бәсекеде бақ сынауға дайын: Жапония, Бразилия, Чехия, Монако, Сауд Арабиясы, Канада, Нидерланд, Бельгия, Швеция, Тунис, Англия, Болгария, Германия, Финляндия, Тәжікстан, Тайпей.
22:56 | 13 маусым 2015
Венгрияда өтіп жатқан Гран –при жарысында үш бірдей дзюдошымыз жоғары нәтиже көрсетті. 60 келі салмақтағы Айбек Имашев пен Елдос Сметовқа тең келер ешкім болмады. Екеуіде ақтық сыңға жолдама алды. Тартысты өткен бәсекеде Елдос Сметов жеңімпаз атанып, Айбек Иамшев күмісті місе тұтты. Ал, 66 келідегі Жансай Смағұлов алтыннан медаль тақты. Ол финалда германиялық Сейдл Себастьяннан басым түсті.
00:37 | 11 маусым 2015
Будапешт қаласында (Венгрия ) 13- 14 маусым аралығында өткізілетін «GRAND PRIX» жарысына бапкерлер құрамының шешімі бойынша төмендегі спортшылар қатысады: Ерлер: Елдос Сметов (60 келі, Тараз) Айбек Имашев (60 келі, Ақтау) Азамат Мұқанов (66 келі, г. Батыс Қазақстан обл.) Дастан Ықыбаев (73 келі, ШҚО) Ертуған Төренов (73 келі, Жамбылобл.) Тимур Болат (90 келі, Астана) Ислам Бозбаев ( 90 келі Қарағанды) Виктор…

Әлеуметтік желідегі парақшалар