Жаңалықтар
11:06 | 25 қаңтар 2017
Бүгін Рио Олимпиадасының қола жүлдегері Галбадрах Отгонцэцэгтің туған күні! Қазақстан дзюдо федерациясы Галбадрах Отгонцэцэгті туған күнімен құттықтап, отбасына амандық, деніне саулық және жарыс жолында толағай табыстар тілейді!
21:23 | 24 қаңтар 2017
Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) дзюдошылар рейтингін жаңартты. Жаңартылған рейтинг бойынша, 60 келіде Елдос Сметов 1852 ұпаймен көш бастап тұр. 1772 ұпаймен өзбекстандық дзюдошы Диорбек Урозбоев екінші орында тұрса, Сафаров Орхан (Әзірбайжан) 1772 ұпаймен үздік үштікті қорытындылаған. Моңғолия спортшысы Дашдаваа Амартувшин 1716 ұпаймен төртінші, Ким Вон Жин 1690 ұпаймен бесінші орынға жайғасқан.
10:12 | 20 қаңтар 2017
Бүгін Қазақстан дзюдо федерациясының құрметті президенті Махмұтов Бекет Сапабекұлының туған күні! Қазақстан дзюдо федерациясының ұжымы Бекет Сапабекұлын туған күнімен құттықтай отыра, деніне саулық, отбасына амандық тілейді!
14:42 | 16 қаңтар 2017
11-12 ақпан күндері Парижде (Франция) халықаралық «Grand Slam» турнирі өтеді. Қазақстан құрамасынан бұл турнирге 6 дзюдошы қатысады.
Ерлер:
Қырғызбаев Ғұсман (60 кг)
Телманов Асхат (60 кг)
Мейіржан Қалтаев (66 кг)
Мәуленин Әбілхайыр (66 кг)
Жұмаханов Елдос (73 кг)
Қыздар:
Галбадрах Отгонцэцэг (48 кг)
12:05 | 16 қаңтар 2017
Рио Олимпиадасының қола жүлдегері Галбадрах Отгонцэцэг тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған медальға ие болды.
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Шымкент қаласы, «Тассай» шағынауданында орналасқан «БИІК» спорт кешенінде дзюдодан әйелдер және ауыр атлетикадан ерлер арасындағы ҚР Ұлттық құрамаларымен кездесті, деп хабарлайды өңірлік әкімдіктің баспасөз қызметі.
«Өздеріңізбен Оңтүстікте жүздескеніме қуаныштымын. Біздің өңірде заманауи үлгідегі базалық спорт орталықтары аз емес. «БИІК» спорт кешені…