Бапкерлер құрамы толықты

06:34 | 22 наурыз 2014

Дзюдодан Қазақстан ерлер құрамасының бапкерлер кеңесіне тағы бір білікті маман қосылды. Кеңес Одағының 5 дүркін чемпионы, Еуропаның үш дүркін жеңімпазы, 1980 жылғы Мәскеу Олимпиадасының қола жүлдегері Александр Яцкевич (1958) енді біздің құраманың бапкер-кеңесшісі қызметін атқарады.

Яцкевич спортпен қош айтысқан соң Бельгия құрамасымен бірлесіп жұмыс істеді. 2004 жылы Еуропаның ең үздік бапкері болып танылды.

Қазіргі таңда Латвия дзюдо федерациясының вице-президенті және Халықаралық дзюдо федерациясының сарапшысы саналатын Александр Яцкевичтің КСРО-ға еңбегі сіңген спорт шебері деген атағы да бар.

Кеше танымал маман Ермек Имамбеков баптайтын Қазақстан ұлттық құрамасының Алматыдағы оқу-жаттығу жиындарына қатысты.

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар