Қазақста Чемпионаты: Оралда дзюдодан ересектер арасында ел үздіктері анықталды

Орал қаласында дзюдодан ерлер мен әйелдер арасында Қазақстан Республикасының Чемпионаты өз мәресіне жетті. Төрт күнге созылған жарыста дзюдошылар жекелей және аралас-командалық жарыс бойынша өзара мықтыны анықтады.
Қазақстан Чемпионатына Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен еліміздің 17 өңірінен барлығы 541 татами шебері қатысты.
Жекелей жарыс нәтижесі бойынша жалпыкомандалық медаль кестесінде 2 алтын, 2 күміс және 1 қола жүлдемен Қызылорда облысының командасы көш бастады. 2 алтын, 1 күміс және 2 қола жүлде иеленген Алматы қаласының құрамасы екінші орынға жайғасты. Ал қоржынында 2 алтын, 1 күміс, 1 қола жүлдесі бар Ақтөбе облысының құрамасы үздік үштікті қорытындылады.
Ел біріншілігінің соңғы күнінде аралас-командалық жарыстар бойынша дзюдошылар бақ сынады. Аралас-командалық жарыста барлығы 16 команда қатысып, Жетісу облысының командасы үздік атанды. Финалда есе жіберген Алматы қаласының құрамасы екінші орынды қанағат тұтты. Қарағанды облысы мен Қызылорда облысының құрама командалары қола жүлдені өзара бөлісті.
Айта кетерлігі, Қазақстан чемпионаты - ересектер арасындағы республикалық күнтізбедегі ең жоғары деңгейдегі жарыстың бірі. Чемпионат қорытындысы 2027 жылы халықаралық ареналарда ел намысын қорғайтын Қазақстан ұлттық құрамасының сапын жасақтау барысында маңызды рөл атқарады.
Назарларыңызға ерлер мен әйелдер арасында Қазақстан Республикасы Чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін ұсынамыз:
Әйелдер
-48 кг
1. Ғалия Тынбаева (Алматы)
2. Иянат Жұбатқан (Ақтөбе облысы)
3. Ұлбосын Абдукаримова (Түркістан облысы)
3. Аяулым Турдике (Маңғыстау облысы)
-52 кг
1. Аружан Ережепова (Алматы облысы)
2. Меруерт Сәрсенова (Маңғыстау облысы)
3. Нұрбала Зайнул (Түркістан облысы)
3.Айшабибі Мурадимова (Батыс Қазақстан облысы)
-57 кг
1.Бақыт Құсақбаева (Ақтөбе облысы(
2.Дина Мұханбет (Қызылорда облысы)
3.Аяулым Қалмырза (Түркістан облысы)
3.Іңкәр Тулепбергенова (Жетісу облысы)
-63 кг
1.Самалай Ерғалиева (Қостанай облысы)
2.Дамеля Асылханова (Атырау облысы)
3.Асылжан Орынбасарова (Жамбыл облысы)
3.Валерия Постникова (Қарағанды облысы)
-70 кг
1.Мөлдір Нарынова (Жетісу облысы)
2.Көркем Орымбек (Алматы)
3.Нұрсезім Тұрлыбек (Шымкент)
3.Шынар Бітімбай (Атырау облысы)
-78 кг
1.Екатерина Токарева (Алматы облысы)
2. Шынар Абатова (Қызылорда облысы)
3. Салтанат Ахметова (Түркістан облысы)
3. Назерке Тілеуханова (Абай облысы)
+78 кг
1. Назгүл Маратова (Солтүстік Қазақстан облысы)
2. Карина Такиева (Батыс Қазақстан облысы)
3. Камила Берліқаш (Жетісу облысы)
3. Ақерке Рамазанова (Алматы)
Ерлер
-60 кг
1. Нұрдәулет Мейрамбеков (Қызылорда облысы)
2. Мәди Серіков (Абай облысы)
3. Мағжан Шамшадин (Қызылорда облысы)
3. Дильшод Миртурсын (Шымкент)
-66 кг
1. Ердәулет Бозша (Қызылорда облысы)
2. Нұрсұлтан Зайзағалиев (Батыс Қазақстан облысы)
3. Данияр Қалмағамбетов (Ақтөбе облысы)
3. Есентай Имаханов (Абай облысы)
-73 кг
1.Данияр Шамшаев (Жамбыл облысы)
2.Дархан Қойбағар (Жетісу облысы)
3.Дастан Жұмажанов (Қарағанды облысы)
3.Дастан Шаяхметов (Абай облысы)
-81 кг
1. Мәди Амангелді (Астана)
2. Асқар Нарқұлов (Маңғыстау облысы)
3. Ерзат Арғынов (Абай облысы)
3. Азат Күмісбай (Маңғыстау облысы)
-90 кг
1.Нұржан Бисенов (Ақтөбе облысы)
2.Ақжол Дүйсенбаев (Қарағанды облысы)
3.Дидар Хамза (Түркістан облысы)
3.Данил Крылов (Батыс Қазақстан облысы)
-100 кг
1.Асқар Біржанов (Қарағанды облысы)
2.Ерсұлтан Мұзаппаров (Шымкент)
3.Әділет Сапарғалиев (Атырау облысы)
3.Жалғас Серіков (Алматы облысы)
+100 кг
1.Санжар Жабборов (Алматы қаласы)
2.Ардақ Серіков (Қостанай облысы)
3.Ильяс Қалидолда (Алматы)
3.Жантілек Нұртілепов (Маңғыстау облысы)
Қазақстан дзюдо федерациясының баспасөз қызметі
0 пікірлер