Жалғас Қайролла - Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирінің чемпионы

19:09 | 09 мамыр 2026

Астанада өтіп жатқан дзюдодан әлемдік рейтингтік Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирінде Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы алтын жүлде түсті.

81 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғаған Жалғас Қайролла финалдық белдесуде Молдова өкілі Петру Пеливанды жеңіп, турнир чемпионы атанды. Айта кетейік, 22 жастағы Жалғастың қарсыласы — Grand Slam турнирлерінің төрт дүркін жүлдегері және Masters турнирінің қола жүлдегері.

Бұл — Жалғас Қайролланың мансабындағы Grand Slam санатындағы алғашқы жүлдесі.

Осылайша, Қазақстан құрамасы дзюдодан Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирінің алғашқы екі күнінде 1 алтын, 1 күміс және 2 қола медальға қол жеткізді.

Қазақстан дзюдо федерациясының бас серіктесі — «Самұрық-Қазына» АҚ, серіктес — «Sport Qory» туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры.

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар