Қазақстандық дзюдошылар Италиядағы Еуропа кубогында төрт медаль жеңіп алды

00:45 | 13 сәуір 2026

Италияның Линьяно-Саббьядоро қаласында дзюдодан жастар арасында Еуропа кубогы өтті. Қазақстан құрамасының спортшылары жарысты 1 алтын және 3 қола жүлдемен аяқтады.

Қазақстан құрамасының қоржынына алтын медальді Балғабай Досбол (-81 кг) салды.

Қола жүлдегерлер қатарынан Ерасыл Ержанов (-66 кг), Мырзатай Қыдырбай (-81 кг) және Шерхан Алпанов (+100 кг) көрінді.

Айта кетейік, халықаралық жарысқа 28 елден 595 жас татами шебері қатысты.

Қазақстан дзюдо федерациясының бас серіктесі — «Самұрық-Қазына» АҚ, серіктес — «Sport Qory» туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры.

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар