Қазақстандық жасөспірімдер Ташкенттегі Азия кубогында 15 медаль жеңіп алды

10:42 | 30 мамыр 2026

Ташкент қаласында дзюдодан Азия кубогы өтіп жатыр. Жасөспірімдер арасындағы жарыстың қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 2 алтын, 3 күміс және 10 қола жүлде жеңіп алды.

Қазақстан құрамасының қоржынына алтын медальдарды Алуа Балтабай (-48 кг) мен Рамиля Серікболат (-52 кг) салды.

Күміс жүлдегерлер қатарынан Ералы Базаркатов (+90 кг), Кәусар Ратбекқызы (-63 кг) және Амина Ақжол (+70 кг) көрінді.

Ал қола медальдарды Дулат Кулбосын (-55 кг), Жалғас Габдулашим (-60 кг), Ұлан Аманкелді (-73 кг), Алан Ушаков (+90 кг), Аяна Баимбетова (-40 кг), Сунита Кукен (-40 кг), Рамина Абишева (-44 кг), Рания Оңласын (-57 кг), Әмина Сапарбек (-63 кг) және Диана Сатенова (+70 кг) иеленді.

Айта кетейік, жасөспірімдер арасындағы Азия кубогына 11 елден 646 спортшы қатысып, жүлделер сарапқа салынды.

Қазақстан дзюдо федерациясының бас серіктесі — «Самұрық-Қазына» АҚ, серіктес — «Sport Qory» туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры.

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар