​Дзюдодан Қазақстан құрамасы аралас командалық сында Әлем чемпионы атанды

05:32 | 24 тамыз 2026

Дзюдодан Қазақстан құрамасы аралас командалық сында Әлем чемпионы атанды

Дзюдодан Қазақстан құрамасы Эквадорда өткен жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионатының аралас-командалық жарысында жеңімпаз атанып, тарихи нәтижеге қол жеткізді.

Финалда Қазақстан құрамасы Бразилиямен кездесті. Негізгі белдесулер 3:3 есебімен тең аяқталған соң, жеңімпазды анықтау үшін қосымша белдесудің жеребесі тартылды. Жеребе бойынша -48 кг салмақ дәрежесі түсіп, шешуші кездесуде Иянат Жұбатқан Қазақстанға чемпиондық атақты сыйлады.

efae4c104b23e5b529e90387cff93220.jpg

Финалда Қазақстан сапында Расулхан Ғабит (-60 кг), Інжу Жұмадан (-63 кг), Бекали Еркен (-81 кг), Тоғжан Төлебай (+63 кг), Әділжан Жаудинов (+81 кг) және Иянат Жұбатқан (-48 кг) күресті.

Қазақстан құрамасы жарыс жолын Болгарияны 4:1 есебімен жеңуден бастады. Ширек финалда Жапония құрамасын 4:2 есебімен, ал жартылай финалда Өзбекстан спортшыларын 4:2 есебімен жеңді.

Бұл - Қазақстан дзюдосы тарихындағы жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионатының аралас командалық сынында қол жеткізілген алғашқы чемпиондық атақ.

a3701af1f2fc261aca9f15232ae8c99b.jpg

Еске сала кетейік, Қазақстан құрамасы жекелей жарыстарда да жоғары нәтиже көрсетіп, 3 алтын, 3 күміс және 4 қола — барлығы 10 медаль жеңіп алып, жалпы медаль кестесінде екінші орынға тұрақтаған болатын.

Әлем чемпионатында бірнеше тарихи рекорд тіркеп, жекелей және аралас командалық жарыстарда бірдей жоғары нәтижеге қол жеткізу - Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің қолдауымен Қазақстан дзюдо федерациясы жүргізіп келе жатқан жүйелі жұмыстың нәтижесі.

Қазақстан дзюдо федерациясының баспасөз қызметі

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар