Қазақстан құрамасы аралас командалық сында алғаш рет Әлем чемпионатының финалына шықты

01:25 | 24 тамыз 2026

Дзюдодан Қазақстан құрамасы Эквадорда өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионатында аралас командалық сында алғаш рет финалға жолдама алды.

Жартылай финалда Қазақстан құрамасы Өзбекстан командасын 4:2 есебімен жеңді.

Жартылай финалда ел намысын Зере Талғатқызы (-48 кг), Расулхан Ғабит (-60 кг), Азима Серік (-63 кг), Әлижан Сайлаубеков (-81 кг), Тоғжан Төлебай (+63 кг) және Әділжан Жаудинов (+81 кг) қорғады.

Финалға дейін қазақстандық дзюдошылар алдымен Болгария құрамасынан (4-1) басым түсіп, ширек финалда Жапонияны (4-2) жарыс жолынан шығарды. Ал жартылай финалда Өзбекстан (4-2) құрамасын жеңіп, шешуші кезеңге өтті.

Финалда Қазақстан құрамасы Бразилия спортшыларымен кездеседі.

Шешуші белдесу Астана уақытымен сағат 03:00-де басталады.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан құрамасы жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионатының аралас командалық жарысында финалға шықпаған.

Еске сала кетейік, Қазақстан құрамасы Әлем чемпионатының жекелей жарыстарын 3 алтын, 3 күміс және 4 қола жүлдемен - барлығы 10 медальмен аяқтап, жалпы медаль кестесінде екінші орынға тұрақтады.

Қазақстан дзюдо федерациясының баспасөз қызметі

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар