Қазақстан әлем чемпионатының медаль кестесінде көш бастады

09:00 | 21 тамыз 2026

Эквадордың Гуаякиль қаласында дзюдодан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты басталды. Қазақстан құрамасы жарыстың алғашқы күнінде-ақ

1 алтын, 2 күміс және 2 қола жүлде жеңіп алып, жалпы медаль кестесінде көш бастады.

Қазақстан қоржынына алғашқы алтын медальді Ғабит Расулхан салды. 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен ол әлем чемпионы атанды.

Әділжан Нұрбекен 50 келіге дейінгі салмақта және Адия Жанахмет 40 келіге дейінгі салмақта күміс жүлдеге ие болды. Ал Бекарыс Құдайберген (-50 кг) мен Ахмет Баубек (-60 кг) қола медаль жеңіп алды.

Осылайша, жарыстың алғашқы күнінен кейін Қазақстан құрамасының қоржынында бес жүлде бар: бір алтын, екі күміс және екі қола.

Айта кетейік, биылғы әлем біріншілігіне 59 елден 457 жас дзюдошы қатысуда.

Әлем чемпионаты 23 тамызға дейін жалғасады.

Қазақстан дзюдо федерациясының баспасөз қызметі

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар