Алматыда дзюдодан жасөспірімдер мен жастар арасында Азия кубогі өтеді

Алматыда дзюдодан Бекет Махмұтовты еске алуға арналған Азия кубогы өтеді 9-12 маусым күндері Алматыда дзюдодан жасөспірімдер мен жастар арасында Бекет Махмұтовты еске алуға арналған Азия кубогы өтеді.
Жасөспірімдер мен жастар арасында өтетін дәстүрлі додаға Аустралия, Қытайлық Тайпей, Үндістан, Иран Ислам Республикасы, Қырғызстан, Моңғолия, Корея Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжікстан, Америка Құрама Штаттары, Өзбекстан және Қазақстаннан 500-ден астам татами шебері қатысады деп жоспарланған. Төрт күнге созылатын дүбірлі дода Алматы қаласындағы «Балуан Шолақ» спорт кешенінде өтеді.
Азия кубогі жасөспірім спортшылар үшін Дакарда өтетін жөспірімдер Олимпиадасы алдындағы маңызды жарыс алаңы болмақ.
Қазақстан дзюдо федерациясының бас серіктесі — «Самұрық-Қазына» АҚ, серіктес — «Sport Qory» туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры.
0 пікірлер