Ғұсман Қырғызбаев Қытайдағы Гран-при турнирінің күміс жүлдегері атанды

Қазақстандық дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев Қытайдың Циндао қаласында өтіп жатқан дзюдодан Гран-при турнирінде күміс медаль жеңіп алды.
66 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдескен Ғұсман Қырғызбаев финалға дейін жетіп, шешуші белдесуде Жапонияның екі дүркін Олимпиада чемпионы Хифуми Абемен кездесті.
Финалдық белдесуде жапониялық дзюдошы жеңіске жетті. Осылайша, Париж-2024 Олимпиадасының қола жүлдегері Ғұсман Қырғызбаев Гран-при турнирін күміс жүлдемен аяқтады.
Ал 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Елдос Сметов қола медаль үшін белдесті. Үшінші орын үшін өткен белдесуде Олимпиада чемпионы Ресей өкілі Аюб Блиевке есе жіберіп, жарысты бесінші орынмен аяқтады.
Қазақстан дзюдо федерациясының бас серіктесі — «Самұрық-Қазына» АҚ, серіктес — «Sport Qory» туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры.
0 пікірлер