ХХ Жазғы Азия ойындары: Дзюдодан Қазақстан ұлттық құрамасының тізімі
10:35 | 30 шілде 2026

2026 жылдың 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында Жапонияның Айчи–Нагоя қаласында ХХ Жазғы Азия ойындары өтеді. Дзюдо бәсекелері 29 қыркүйек пен 2 қазан аралығында ұйымдастырылады.
Ұлттық құраманың бапкерлер кеңесінің шешімімен дзюдодан Қазақстан құрамасының Азия ойындарына қатысатын құрамы бекітілді.
«Азия ойындарына қатысатын Қазақстан ұлттық құрамасының құрамы бекітілді. Команда сапына өз салмақ дәрежелерінің көшбасшылары, Олимпиада чемпиондары мен жүлдегерлері, әлем чемпионаттарының жүлдегерлері, Grand Slam сериясы турнирлерінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері, сондай-ақ Қазақстан чемпионаты мен ішкі іріктеу жарыстарының жеңімпаздары енді.
Құрама алдында жоғары міндеттер тұр. Біз ерлер мен әйелдер арасындағы барлық негізгі салмақ дәрежелерінде, сондай-ақ Mixed Team командалық жарысында жүлделі орындар үшін күресуді мақсат етіп отырмыз. Азия ойындары біз үшін ерекше маңызға ие. Бұл – Қазақстанның Азиядағы жетекші дзюдо державаларының бірі екенін тағы бір мәрте дәлелдеуге және олимпиадалық іріктеу кезеңінің маңызды белестерінің бірінен табысты өтуге мүмкіндік беретін жарыс», – деді дзюдодан Қазақстан ұлттық құрамасының жаттықтырушы-кеңесшісі Роберт Мшвидобадзе.
ХХ Жазғы Азия ойындарына қатысатын дзюдодан Қазақстан ұлттық құрамасының тізімі:
Ерлер:
Елдос Сметов (60 кг), Ғұсман Қырғызбаев (66 кг), Бақытжан Абдурахманов (73 кг), Алмат Әділет (81 кг), Айдар Арапов (90 кг), Марат Байкамуров (100 кг), Ерасыл Қажыбаев (+100 кг).
Әйелдер:
Абиба Абужақынова (48 кг), Меруерт Сәрсенова (52 кг), Дана Әбдірова (57 кг), Эсмигүл Куюлова (63 кг), Ажар Асхат (70 кг), Екатерина Токарева (78 кг), Аида Тойшыбекова (+78 кг).
Қазақстан дзюдо федерациясының баспасөз қызметі
0 пікірлер