АҚТАУДА ТҰРАР ЖОЛДЫБАЕВТЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН АЗИЯ АШЫҚ КУБОГЫ ӨТЕДІ

11–12 қазан күндері Ақтау қаласында ерлер мен әйелдер арасында дзюдодан Тұрар Жолдыбаевты еске алуға арналған Азия ашық кубогы өтеді. Бұл дода Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) ресми күнтізбесіне енгізілген.
Турнирге Әзербайжан, Беларусь, Гонконг, Иран, Қырғызстан, Моңғолия, Тәжікстан, Өзбекстан, Қазақстан және Халықаралық дзюдо федерациясының құрамасынан 200-ден астам татами шебері қатысады.
Азия кубогы Халықаралық дзюдо федерациясының ережелеріне сәйкес өткізіледі және рейтингтік мәртебеге ие. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер әлемдік рейтингке ұпай келесідей ұпайлар қосылады:
I орын — 100 ұпай
II орын — 70 ұпай
III орын — 50 ұпай
Тұрар Жолдыбаевты еске алуға арналған Азия ашық кубогының жарыс бағдарламасы
11 қазан
Ерлер: -60 кг, -66 кг, -73 кг
Әйелдер: -48 кг, -52 кг, -57 кг, -63 кг
10:00 — жарыстың басталуы
16:00 — ресми ашылу салтанаты
17:00 — финалдық белдесулер
12 қазан
Ерлер: -81 кг, -90 кг, -100 кг, +100 кг
Әйелдер: -70 кг, -78 кг, +78 кг
10:00 — жарыстың басталуы
17:00 — финалдық белдесулер
Қазақстан дзюдо федерациясының бас серіктесі — «Самұрық-Қазына» АҚ, серіктес — «Sport Qory» туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры.
0 пікірлер