Ақтау дзюдодан жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Чемпионатын қабылдайды

14:19 | 25 қараша 2025

Ақтауда дзюдодан жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының Чемпионаты өтеді. 27-30 қараша күндері өтетін ел біріншілігіне 2009-2010 жылы туған жасөспірім дзюдошылар қатысады. «Маңғыстау арена» спорт кешенінде төрт күн бойы еліміздің 17 облыс және 3 қаласынан жас татами шеберлері өзара мықтыны анықтайды. Жарыс күн сайын сағат 9:00-де басталады. Ашылу салтанаты 28 қараша сағат 15:00-ге жоспарланған. Қазақстан Чемпионаты Қазақстан дзюдо федерациясының YouTube каналында тікелей эфирде көрсетіледі.

Қазақстан Чемпионаты нәтижесінде 2026 жылғы жаңа спорттық маусымда ел намысын әлемдік аренада қорғайтын Қазақстан жасөспірімдер құрама командасы жасақталады.

Жасөспірімдер арасында Қазақстан Чемпионатының бағдарламасы

27 қараша

Жарыстың басталуы – 9:00

Финалдық кезең – 17:00

Ұлдар: -50 кг, -55 кг

Қыздар: -40 кг, -44 кг, -48 кг

28 қараша

Жарыстың басталуы – 9:00

Ашылу салтанаты – 15:00

Финалдық кезең – 17:00

Ұлдар: -60 кг, -66 кг, -73 кг

Қыздар: -52 кг, -57 кг

29 қараша

Жарыстың басталуы – 9:00

Финалдық кезең – 17:00

Ұлдар: -81 кг, -90 кг, +90 кг

Қыздар: -63 кг, -70 кг, +70 кг

30 қараша

Аралас-командалық жарыс

Басталуы – 10:00

Финалдық кезең – 16:00

Қазақстан дзюдо федерациясының бас серіктесі — «Самұрық-Қазына» АҚ, серіктес — «Sport Qory» туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры.

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар