Семейде дзюдодан ересектер арасында Қазақстан чемпиондары анықталды

Семейде дзюдодан ерлер мен әйелдер арасында Қазақстан Республикасының Чемпионаты өз мәресіне жетті. Қазақстан Чемпионатына Астана, Алматы, Шымкент және еліміздің 17 елінен 507 дзюдошы жиналды.
Ел Чемпионатының жекелей жарыс нәтижесінде жалпыкомандалық есепте Маңғыстау облысы көш бастады. Абай облысы екінші орынға жайғасса, Атырау облысы үздік үштікті түйіндеді.
Ал аралас-командалық жарыс нәтижесінде Абай облысы топ жарды. Олар финалда Астан қаласының құрамасын 4:1 есебімен жеңіп, аралас-командалық жарыс чемпионы атанды. Астана қаласы күміс жүлдені қанағат тұтты. Жетісу облысы мен Қызылорда облысының құрамалары жарыстың қола жүлдегері атанды. Аралас-командалық жарысқа барлығы 15 команда қатысты.
Қазақстан Чемпионатының ресми ашылу салтанатына Абай облысының әкімі Берік Уәли, ал салтанатты марапаттау рәсіміне Қазақстан дзюдо федерациясының президенті Қуанышбек Есекеев, ҚР Туризм және Спорт министрі Ербол Мырзабосынов, әлем және Олимпиада чемпионы Елдос Сметов, әлем чемпионы Максим Раков қатысты.
Назарларыңызға Қазқстан Республикасы Чемпионатының нәтижесін ұсынамыз:
Әйелдер:
-48 кг
1. Тасним Абдуали (Шымкент қаласы)
2. Іңкәр Құралбай (Жамбыл облысы)
3. Зарина Хуснадин (Алматы қаласы)
3. Әсел Русланова (Атырау облысы)
-52 кг
1. Меруерт Сәрсенова (Маңғыстау облысы)
2. Іңкәр Төлепбергенова (Жетісу облысы)
3. Аружан Ережепова (Алматы облысы)
3. Сара Шұғаева (Алматы қаласы)
-57 кг:
1. Дана Әбдірова (Атырау облысы)
2. Карина Қаракенова (Абай облысы)
3. Нұрай Хамзаева (Жетісу облысы)
3. Кира Кегай (Жетісу облысы)
-63 кг:
1. Дамеля Асылханова (Атырау облысы)
2. Ханзада Қайратова (Астана қаласы)
3. Аяулым Исаева (Алматы қаласы)
3. Асылжан Орынбасарова (Жамбыл облысы)
-70 кг:
1. Ажар Асхат (Абай облысы)
2. Кристина Сотникова (Абай облысы)
3. Көркем Орымбек (Алматы қаласы)
3. Мөлдір Нарынова (Жетісу облысы)
-78 кг
1.Маргарита Гриценко (Қостанай облысы)
2.Екатерина Токарева (Алматы облысы)
3.Назерке Тілеуханова (Абай облысы)
3.Шынар Абатова (Қызылорда облысы)
+78 кг
1.Ақерке Рамазанова (Алматы қаласы)
2.Камила Берліқаш (Жетісу облысы)
3.Әсел Казиева (БҚО)
3.Аида Тойшыбекова (Қарағанды облысы)
Ерлер:
-60 кг
1. Талғат Орынбасар (Шымкент қаласы)
2. Тоқтар Үміталиев (БҚО)
3. Нұрдәулет Мейрамбеков (Қызылорда облысы)
3. Асылхан Зинулин (БҚО)
-66 кг
1. Бауыржан Нарбаев (Маңғыстау облысы)
2. Ақылжан Жұбатқанов (Маңғыстау облысы)
3. Ақжігіт Насыр (Алматы облысы)
3. Мейірбек Байзақов (Жамбыл облысы)
-73 кг:
1. Аңсарбек Ғайнуллин (БҚО)
2. Дастан Шаяхметов (Абай облысы)
3. Әнуар Жұмагелдин (Абай облысы)
3. Мәди Жеткерген (Ақтөбе облысы)
-81 кг:
1. Асқар Нарқұлов (Маңғыстау облысы)
2. Әділет Алмат (Ақтөбе облысы)
3. Ерзат Арғынов (Абай облысы)
3.Досхан Жолжақсынов (Жетісу облысы)
-90кг
1.Дүйсенбаев Ақжол (Қарағанды облысы)
2.Арқабай Барақ (Абай облысы)
3.Нысанәлі Айбол (Шымкент қаласы)
3.Бисенов Нұржан (Ақтөбе облысы)
-100 кг
1.Асқар Біржанов (Қарағанды облысы)
2.Бейбіт Мадиев (Алматы қаласы)
3.Әділет Сапарғалиев (Атырау облысы)
3.Қазыбек Ракишев (Жамбыл облысы)
+100 кг
1.Әділ Оразбаев (Абай облысы)
2.Санжар Жабборов (Алматы облысы)
3.Жантілек Нұртілепұлы (Маңғыстау облысы)
3.Ғалымжан Қырықбай (Жамбыл облысы)
0 пікірлер