​Абиба Абужақынова – дзюдодан әлем чемпионатының үш дүркін жүлдегері

21:32 | 13 маусым 2025

Қазақстандық дзюдошы Абиба Абужақынова дзюдодан әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Отандасымыз Будапештте өтіп жатқан әлем чемпионатында әйелдер арасында 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде финалда италиялық Ассунта Скуттоға есе жіберді.

Абиба Абужақынова Будапешттегі әлем чемпионатында барлығы бес кездесу өткізді. Финалға дейін жарыс жолынан Марина Воробеваны (IJF), Лоус Петитті (Германия), ширек финалда әлем чемпионаттарының күміс және қола жүлдегері жапониялық Уатана Когананы, ал жартылай финалда испаниялық Лаура Мартинез Абелендадан басым түсті.

Осылайша, Абиба Абужақынова дзюдодан әйелдер арасындағы әлем чемпионатының үш дүркін жүлдегері атанған алғашқы қазақстандық спортшы атанды. Ол бұған дейін 2022 (Ташкент) және 2024 (Абу-Даби) жылдары әлем чемпионатының қола жүлдегері атанған.

Айта кетерлігі, Будапештте өтіп жатқан әлем чемпионатына барлығы 93 елден 556 дзюдошы қатысып жатыр. Әлем біріншілігі 20 маусымға дейін жалғасады.

Қазақстан дзюдо федерациясының бас серіктесі — «Самұрық-Қазына» АҚ, серіктес — «Sport Qory» туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры.

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар