Қазақстандық дзюдошылар Qazaqstan Barysy Grand Slam 2025жарысында тоғыз медаль еншіледі

20:21 | 11 мамыр 2025

Астанада 9–11 мамыр күндері өткен дзюдодан әлемдік рейтингтік Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирі өз мәресіне жетті. 10 мамыр күні Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Qazaqstan Barysy Grand Slamтурнирін тамашалады. Жарысқа Халықаралық дзюдо федерациясының президенті Мариус Визер қатысып, арнайы қонақ ретінде Олимпиада чемпионы Елдос Сметов келді.

Үш күнге созылған айтулы жарыста Қазақстан құрамасы 3 күміс және 6 қола жүлде еншілеп, медальдық есепте 9-шы орынға тұрақтады.

Қазақстандық жүлдегерлер тізімі:

·Ғұсман Қырғызбаев — күміс (-66 кг)

·Ерасыл Қажыбаев — күміс (+100 кг)

·Талғат Орынбасар — күміс (-60 кг)

·Мағжан Шамшадин — қола (-60 кг)

·Аман Бақытжан — қола (-60 кг)

·Абылайхан Жұбаназар — қола (-81кг)

·Есет Қуанов — қола (-73кг)

·Бақжан Байтас — қола (-100кг)

·Марат Байқамұров — қола (-100кг)

Медальдық есепте IJF құрамасы 3 алтын, 2 күміспен І орын еншілесе, ІІ орынға 3 алтын медальмен - Оңтүстік Корея, ал ІІІ орынға 2 алтын, 4 күміс, 1 қола жүлдемен Жапония жайғасты.

Жақсылық Үшкемпіров атындағы «Жекпе-жек» сарайында өткен жарысқа әлемнің 44 елінен 358 спортшықатысып, 14 салмақ дәрежесіндебақ сынады. Қатысушылар арасында Олимпиада чемпиондары мен әлем біріншілігінің жеңімпаздары да бар.

Спортшылар үшін бұл жарыс әлем чемпионатының алдындағы соңғы Grand Slam кезеңіекенін айта кеткен жөн.

Естеріңізге салакетсек, бұл доданың нәтижесінде IJF ережелеріне сәйкес жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері арасында әлемдік және олимпиадалық рейтингтерде ұпайлар бөлінеді. Атап айтқанда, І орын үшін 1000, ІІ орын үшін – 700, ал ІІІ орын үшін – 500 ұпай есептелетін болады.

Биыл Qazaqstan Barysy Grand Slam жарысы елімізде үшінші рет өтті. Қазақстан дзюдо федерациясы мен Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) екі жақты келісім шартына сәйкес, Қазақстан әлемдік Grand Slam жарысын 2026 жылға дейін қабылдайды.

Қазақстан дзюдо федерациясының бас серіктесі — «Самұрық-Қазына» АҚ, серіктес — «Sport Qory» туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры.

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар