​Марат Байқамұров пен Бақжан Байтас - қола жүлдегерлер!

18:08 | 11 мамыр 2025

Qazaqstan Barysy Grand Slam жарысының 100 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде екі спортшымыз жеңіс тұғырының үшінші сатысына көтерілді.

Бүгін 19 жасар жарыс дебютанты Бақжан Байтас тәжікстандық Мухсин Малаев, өзбекстандық Мухаммадсодик Содиков, италиялық Энрико Бергамелли сынды азулы қарсыластарын жеңіп шығып, жүлделі орыннан көрінді.
Марат Байқамұров шешуші белдесуде ливандық Карамноб Сагаиповты иппонмен сенімді түрде жеңіп, мансабындағы бірінші Grand Slam жүлдесін еншіледі.

Қазақстан дзюдо федерациясының бас серіктесі - "Самұрық-Қазына" АҚ, серіктес - "Sport Qory" туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры.

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар