Есет Қуанов Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирінде қола жүлде жеңіп алды
17:49 | 10 мамыр 2025

Qazaqstan Barysy Grand Slam халықаралық турнирінің екінші жарыс күнінде қазақстандық дзюдошы Есет Қуанов 73 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қола жүлдеге ие болды.
Жарыс жолында Қуанов тартысты белдесулер өткізіп, үшінші орын үшін өткен кездесуде Грузия өкілі Михейли Бахбахашвилиден басым түсті.
Бұл — Қазақстан құрамасының қоржынындағы бесінші медаль. Бүгін сондай-ақ 81 келіге дейінгі салмақта Абылайхан Жұбаназар қола жүлде үшін күресетін болады.
Қазақстан дзюдо федерациясының бас серіктесі - "Самұрық-Қазына" АҚ, серіктес - "Sport Qory" туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры.
0 пікірлер