Мағжан Шамшадин – Qazaqstan Barysy Grand Slam 2025 турнирінің қола жүлдегері
17:35 | 09 мамыр 2025

60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынаған қазақстандық дзюдошы Мағжан Шамшадин әлемдік деңгейдегі Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирінде қола медаль жеңіп алды. Қола жүлде үшін өткен белдесуде ол француз спортшысы Джин Энсоны сенімді түрде жеңді. Шамшадин үйдегі турнирдің жартылай финалына дейін жетіп, IJF өкілі Изнаур Сааевқа жол берген болаиын. Енді финалда дәл осы Сааевпен біздің отандасымыз Талғат Орынбасар кездесетін болады.
Бұл биылғы жарыстан Қазақстан еншісіндегі алғашқы жүлде. 2023 жылы дәл осы Qazaqstan Barysy Grand Slam жарысында Мағжан Шамшадин чемпион атанған болатын.
Қазақстан дзюдо федерациясының бас серіктесі - "Самұрық-Қазына" АҚ, серіктес - "Sport Qory" туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры.
0 пікірлер