Жастар арасында әлем чемпионаты: Қазақстан құрамасынан кімдер қатысады?

Дзюдодан Қазақстан жастар құрамасы әлем чемпионатына қатысуға Перуге аттанды. 5-7 қазан күндері Лима қаласында өтетін әлем біріншілігіне 67 елден 500-ге жуық дзюдошы қатысады деп жоспарланған.
Қазақстан сапынан ел намысын 18 жас татами шебері қорғайды.
Ұлдар: -60 кг: Талғат Орынбасар, Телжан Сұлтанбай -66 кг: Ақылжан Жұбатқанов, Қайырхан Абдрахман -73 кг: Омар Нұрбергенов -90 кг: Даниил Крылов, Арман Билалханов -100 кг: Асқар Біржанов +100 кг: Жантілек Нұртілепұлы
Қыздар: -48 кг: Тасним Әбдуәлі, Сабина Юлдашбекова -52 кг: Нұрайлым Сәрсенбек, Аяулым Қайрат -57 кг: Дана Әбдірова -63 кг: Дильназ Досберген -70 кг: Көркем Орымбек -78 кг: Анастасия Нагачевская, Салтанат Ахметова
Қазақстан дзюдо федерациясының бас серіктесі — «Самұрық-Қазына» АҚ, серіктес — «Sport Qory» туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры.
0 пікірлер