IJF Әлемдік рейтингі: Абиба Абужақынова бірінші орында
09:00 | 20 қыркүйек 2025

Қазақстандық дзюдошы Абиба Абужақынова Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) жаңартылған әлемдік рейтингінде 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде көш бастады.
Отандасымыз 5021 ұпай жинап, рейтингтің бірінші сатысына көтерілді. Екінші орында – Сабина Гилязова (4738 ұпай), үшінші орында – Италия спортшысы Ассунта Скутто (4727 ұпай).
Айта кетерлігі, бұған дейін қазақстандық дзюдошылар сапынан тек Максим Раков, Елдос Сметов пен Галбадрах Отгонцэцэг әлем рейтингінде бірінші орындардан көрінген.Қазақстан дзюдо федерациясының бас серіктесі — «Самұрық-Қазына» АҚ, серіктес — «Sport Qory» туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры.
0 пікірлер