​Талғат Орынбасар Qazaqstan Barysy Grand Slam 2025 турнирінің күміс жүлдегері атанды

17:55 | 09 мамыр 2025

Астанада дзюдодан әлемдік «Qazaqstan Barysy Grand Slam 2025» додасының алғашқы жарыс күні өтті. 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде финалға дейін сүрінбей жеткен қазақстандық спортшы Талғат Орынбасар IJF өкілі Изнаур Сааевқа жол беріп, күміс медаль иеленді. Финалға дейін Талғат бес қарсыласын, соның ішінде отандасымыз Аман Бақытжанды да сенімді түрде жеңіп, жоғары дайындық деңгейін көрсетті. Осылайша, бүгін спортшыларымыз 60 келіде үш жүлде иеленіп, бұл салмақ дәрежесінде қазақтардың мықты екенін тағы да дәлелдеді.

Айта кетерлігі, бұл Талғаттың Grand Slam сериясындағы алғашқы жарысы, сондықтан бұл жүлде оның спорттық жолында үлкен маңызға ие. Жарыс 9-11 мамыр аралығында өтеді.

Қазақстан дзюдо федерациясының бас серіктесі - "Самұрық-Қазына" АҚ, серіктес - "Sport Qory" туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры.

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар