Аман Бақытжан Qazaqstan Barysy Grand Slam 2025 жарысының қола жүлдесіне ие болды
17:42 | 09 мамыр 2025

Сенсация жасаған Аман Бақытжан Qazaqstan Barysy Grand Slam жарысының қола жүлдегері атанды.
60 келіге дейінгі салмақта бақ сынаған жас спортшымыз Аман Бақытжан Оңтүстік Корея спортшысы Ли Харимды жеңіп, жеңіс тұғырының үшінші сатысына көтерілді. Бүгінгі жарыста Аман турнирдің фавориті болған Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Янг Юнвэйды (Тайпэй) жеңіп, нағыз сенсация жасады.
Бұл 21 жастағы Аманның мансабындағы алғашқы Grand Slam жарысы.
Қазақстан дзюдо федерациясының бас серіктесі - "Самұрық-Қазына" АҚ, серіктес - "Sport Qory" туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры.
0 пікірлер