Қазақстандық дзюдошылар халықаралық турнирді ІІІ орынмен аяқтады
17:03 | 14 қараша 2016
            
            Словенияның Градек қаласында Турпал-Али Кадыровты еске алуға арналған халықаралық турнир мәресіне жетті. Жарыстың екінші күнінде Қазақстан құрамасының дзюдошылары 2 алтын, 2 күміс, 1 қола медаль иеленді. Қазақстан құрамасы 15 медальмен 25 ел арасында 3 орынмен жарысты аяқтады.
	  Екінші күннің нәтижесі мынадай: 
	  1 орын - Нұрбек Қуанышұлы
	  1 орын - Қайыржан Жүнісбек 
	  2 орын -Бексұлтан Дүйсенов 
	  2 орын - Бекарыс Сәдуақас
	  3 орын - Думан Құралхан
 
        
0 пікірлер