Құрама командалар

Мұқанов Азамат
  • Туған күні: 1987-01-30
  • Туған жері: Алматы облысы
  • Салмақ санаты: 66 кг
  • Жаттықтырушы: Жетпісбаев Б. ...

Көптеген бозбалаларды ақ кимоно киген палуандар мен олардың бозкілемдегі жарқын лақтырыстары таң қалдырып жатады. Тіпті осы жекпе-жектің түрі алдағы олимпиаданың тізімінде бар. Дзюдо түрлі олимпиадалық емес өнерге бірте-бірте жақындап келеді. Қарусыз спорттық жекпе-жекте лақтырыстар, ауырту, қылқындыру және тырп еткізбей ұстап тұру тәсілдері ерлердің табиғатына тән қасиет. Сол ерлер жаратылысы әлемдік деңгейде самғап, қазақстандық жас дзюдошы Азамат Мұқановтың түрлі жарыстарда жүлделі орындардан көрінуіне септігін тигізді.

Дзюдодан халықаралық спорт шебері мәртебесінің иегері Азамат Мұқанов 26-жаста. Алматы облысының тумасы дзюдоға небәрі екі жыл бұрын келді. Бұған дейін Азамат Мұқанов кәсіби түрде самбомен айналысқан. Одан кейін спортшы самбоны дзюдоға айырбастау туралы шешімге келді. 2010 жылы ол самбодан өткен әлем чемпионатының жеңімпазы атанды. Оның мұндай шешім қабылдауға дзюдоның олимпиадалық жекпе-жек түріне жататындығы итермеледі. Әрбір спортшының әлемнің басты додасында – Олимпиада ойындарында өнер көрсеткісі келеді. Тек өнер көрсетіп қана қоймай, Қазақстан Республикасы ұлттық құрамасының қоржынына титтей де болса үлесін қосу арманы бар.

Осы спортқа белін сыбана кіріскен Азамат тәжірибелі жетекшілердің көмегіне сүйене отырып, 2010 жылы Батыс Қазақстан облысы құрама командасының намысын қорғады. Осылайша, екі жыл араға салып, 2013 жылы Азамат Мұқанов Бангкокте (Таиланд) өткен Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды. Осы себептен де Азаматқа 2013 жылдың 1 қыркүйегінде Рио-де-Жанейрода (Бразилия) ересектер арасында дзюдодан өткен әлем чемпионатында үлкен үміт артылды. Ал Азамат Мұқанов өз кезегінде артылған сенімді ақтап шықты. Ол өз командасының қоржынына бір медаль салып, Қазақстан командасын әлемдік біріншіліктің жалпы рейтингінің он төртінші орнына жайғастырды. Ол кезде 66 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Мұқанов алты кездесудің төртеуінде «иппон» әдісімен таза жеңіп, қарсыластарының финалға шығуына еш мүмкіндік бермеді. Ол атақты чемпиондарды, 2009 жылғы Еуропа чемпионы, ресейлік Алим Гадановты, сингапурлық Джоэль Ценгті, ұлыбританиялық Колин Оатсты, жапониялық Масаак Фокуок, украиндық дәрежелі дзюдошы, 2009 жылғы әлем чемпионы титулының иегері Георгий Зантарайларды басып озды. Тек, өкінішке орай, 2009 жылғы әлем чемпионы және Лондон Олимпиада ойындарының жүлдегері жапондық Масаси Эбинумға есе жіберіп алды.

Әрбір дзюдошыға бір-біріне қол ұшын беру, үлкен жетістіктерге жетуді бағалай білу және дене мен рухты тиімді пайдалану сияқты қасиеттер тән. Азамат өзінің жеткен жетістіктерімен шектеліп қоймай, әрі қарай да шыңдалуды көздейді. Оның жоспарында 2016 жылғы Олимпиада ойындарының медалі бар.

Әлеуметтік желідегі парақшалар