Жаңалықтар

21:09 | 09 қараша 2017
Бүгін Ақтөбе қаласы «Дастан» қонақүйінде дзюдодан ерлер мен әйелдер арасында өтетін Қазақстан чемпионаты алдындағы баспасөз-конференциясы өтті. «Жекпе-жек» спорт кешенінде өткізілетін айтулы додаға еліміздің 14 облысынан және Астана мен Алматы қалаларынан 400-ден астам дзюдошылар қатысады. Алайда, еліміздің беделді дзюдошылары, атап айтқанда, Әлем Чемпионы, Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері Елдос Сметов пен Әлем Чемпионы Максим Раков жарақаттарына байланысты чемпионаттан босатылған. Ал, қыздар ұлттық…
15:13 | 06 қараша 2017
9-13 қараша күндері Ақтөбе қаласында дзюдодан Қазақстан Республикасының Чемпионаты мен кубогы өтеді. Ақтөбе қаласындағы «Жекпе-жек» спорт кешенінде өтетін ел біріншілігіне еліміздің 14 облысы және Астана мен Алматы қаласынан барлық дзюдошылар қатысады. Еліміздің ең беделді дзюдошылары, атап айтқанда, Әлем Чемпионы, Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері Елдос Сметов пен Әлем Чемпионы Максим Раков жарақаттарына байланысты чемпионаттан босатылған. Ал қыздар ұлттық құрама командасынан барлық…
15:00 | 06 қараша 2017
Словенияның Градек қаласында 4-5 қараша күндері дзюдодан жасөспірімдер арасында халықаралық жарыс өтті. Екі күнге созылған байрақты бәсекеде жас балуандарымыз жеңіс тұғырынан көрініп, ел қоржынына 16 медаль салды. 4 алтын, 4 күміс және 8 қола жүлде иеленген отандастарымыз жекелей жарысты медаль саны бойынша қатысушы командалар көшін бастаса, командалық сайыста күмісті місе тұтты. Екінші орынға Венгрия дзюдошылары жайғасса, жүлделі үшінші орынға Германияның…
15:56 | 02 қараша 2017
9-13 қараша күндері Ақтөбе қаласында дзюдодан әйелдер мен ерлер арасындағы Қазақстан Чемпионаты мен кубогы өтеді. Қазақстан Чемпионатына еліміздің 14 облысынан және Астана мен Алматы қалаларынан дзюдошылар қатысады. Жылдың ең маңызды әрі қорытынды жарысында жеңімпаз атанған дзюдошылар ұлттық құрама сапында 2018 жылы ел намысын қорғайтын болады. Қазақстан Республикасының Чемпионат кестесін назарларыңызға ұсынамыз 10 қараша (1-жарыс күні) 10:00 Жарыстың басталуы: Ерлер: -60…
09:55 | 30 қазан 2017
Бүгін Қазақстан дзюдо федерациясының бас хатшысы Самат Сәбитұлы Жылқыбаевтың туған күні! Қазақстан дзюдо федерациясы Самат Сәбитұлы Жылқыбаевты туған күнімен құттықтайды! Қазақстандағы дзюдоның дамуына өлшеусіз қосқан үлесіңіз үшін алғысымызды білдіре отырып, отбасына амандық, деніне саулық, қызметіне табыс тілейміз!

Әлеуметтік желідегі парақшалар