Жаңалықтар

14:18 | 25 мамыр 2018
Елдос Сметов Хух-Хотода өтіп жатқан әлемдік Гран При кезеңінде Чемпион атанды. Ол финалда отандасымыз Ғұсман Қырғызбаевты жеңді. 60 келіге дейінгі салмақта белдескен балуанымыз Елдос Сметов жарыста қарсылас шақ келтірмеді. Алғашқы белдесуінде жапондық Юма Ошиманы қосымша уақытта (голден скор) вазари ұпайымен, екінші айналымда ресейлік Роберт Мшвидобадзені уақытынан бұрын таза жеңіп, жартылай финалға жолдама алды. Жартылай финалда Бразилия дзюдошысы Пелим Фелипені иппон…
11:08 | 22 мамыр 2018
25-27 мамыр аралығында Хоххотта (Қытай ) дзюдодан кезекті әлемік Гран При кезеңі өтеді. Аталмыш Гран Приге Қазақстан құрамасынан 13 дзюдошы қатысады: 1. Елдос Сметов (60 кг) 2. Ғұсман Қырғызбаев(60 кг) 3. Ерлан Серікжанов (66 кг) 4. Елдос Жұмақанов (66 кг) 5. Жансай Смағұлов (73 кг) 6. Бекәділ Шаймерденов (73 кг) 7. Дидар Хамза (81 кг) 8. Азиз Қалқаманұлы (81 кг)…
17:00 | 15 мамыр 2018
12-13 мамыр күндері Ресейдің Оренбург қаласында дзюдодан ашық Еуропа кубогы өтті. Әлемнің 16 елінен 279 дзюдошы, оның ішінде Қазақстан ұлттық құрама командасынан 27 спортшы қатысты. Қазақстандық дзюдошылар екі күндік дүбірлі додада қазақстандық дзюдошылар 1 алтын, 1 күміс және 2 қола медальға қол жеткізіп, турнир кестесінде 2 орынға жайғасты. Жарыстың бірінші күнінде 73 келіге дейінгі салмақта Қазақстан сапынан татамиге шыққан Нұрлан…
10:37 | 15 мамыр 2018
12-13 мамыр күндері Ливан Астанасы Бейрут қаласында дзюдодан жастар арасында Азия Чемпионаты өтті. Құрлықтық чемпионатқа 22 елден 200-ге жуық жас дзюдошы қатысты. Қазақстандық жас татами шеберлері екі күндік бәсекеде ел намысын абыроймен қорғап, 3 алтын, 6 күміс, 5 қола медальға қол жеткізді. Алтын - Ғайнуллин Аңсарбек (73 кг) Алтын - Ғалия Тынбаева (48 кг) Алтын - Аида Карчаева (57 кг)…
23:53 | 11 мамыр 2018
Бейрутта (Ливан) кадеттер арасында дзюдодан Азия чемпионаты аяқталды. Құрлықтық чемпионаттың соңғы күнінде қазақстандық жас татами шеберлері қоржынға 4 алтын, 3 күміс және 1 қола жүлде салып, медаль саны бойынша жалпыкомандалық есепте 1 орынға шықты. Екі күннің қорытындысы бойынша Қазақстан жасөспірімдер құрама командасы 6 алтын, 5 күміс және 4 қола медальмен жарысты аяқтады. Бүгінгі жеңімпаздар мен жүлдегерлер: Алтын - Сәдуақас Бекарыс…

Әлеуметтік желідегі парақшалар