Жаңалықтар

17:42 | 29 тамыз 2018
Джакартада өтіп жатқан Азия ойындарында 66 келіге дейінгі салмақта күрескен Елдос Жұмақанов ел қоржынына тағы бір қола медаль салды. Ол жұбаныш белдесуінде Катар спортшысы Аюб Элидриссиді уақытан бұрын жеңіп, қола жүлдегер атанды. Елдос Жұмақанов алғашқы белдесуінде филиппиндік Шуген Наканомен кездесіп, уақытынан бұрын таза жеңіске ие болды. Ширек финалда моңғол балуаны Эрхембаяр Баттогтохтан айласын асырып, жартылай финалға жолдама алды. Жартылай финалда…
15:13 | 29 тамыз 2018
Джакартада өтіп жатқан Азия ойындарында қазақстандық дзюдошы Отгонцэцэг Галбадрах қола жүлдегер атанды. Ол жұбаныш белдесуінде қытайлық Иа Хиёнгты иппонмен ұтты. 48 келіге дейінгі салмақта белдескен отандасымыз Отгонцэцэг Галбадрах ширек финалда Солтүстік Корея спортшысы Ю Сун Жонды кедергісіз ұтып, жартылай финалға шыққан еді. Жартылай финалда Галбадрах Отгонцэцэг жапон қызы Ами Кондодан айласын асыра алмай, жұбаныш белдесуінде қола үшін күресуге мүмкіндік алған…
13:13 | 29 тамыз 2018
Дзюдодан Қазақстан командасының көшбасшысы Елдос Сметов Джакартада ауруханаға жеткізілді деп хабарлайды Olympic.kz. Бірінші айналымда қарсыласын айқын басымдықпен жеңген Елдос екінші кездесуде Солтүстік Корея балуанынан ескрету санымен ұтылған болатын. Осы жекпе-жектен соң Елдос Сметовті ауруханаға алып кетті. «Жаңа ғана Елдосты жедел жәрдеммен ауруханаға алып кетті. Рентгеннен өткізеді. Екінші белдесу кезінде жарақат алған. Оң жақ қабырғасы сынды деген болжам бар», - дейді…
19:52 | 28 тамыз 2018
Бүгін Джакартада дзюдо бойынша Азия ойындарының жеребесі тартылды. Ертең, жарыстың бірінші күнінде татамиге 4 салмақ бойынша балуандар белдеседі. Ерлер: -60 кг, -66 кг; әйелдер: -48 кг, -52 кг; Елдос Сметовтың (-60 кг) алғашқы қарсыласы индонезиялық Мохаммед Лювис. Оны жеңсе отандасымыз Отар Бестаев (Қырғызстан)\Йонг Джае Ан (Солтүстік Корея) жұбының жеңімпазымен кездеседі. Ал Елдос Жұмақанов (-66 кг) болса жарысқа екінші айналымнан қосылады.…
12:30 | 27 тамыз 2018
Қазақстандық дзюдошылар Бекарыс Сәдақас пен Маргарита Гриценко Буэнос Айресте өтетін жасөспірімдер Олимпиадасына қатысады. Бекарыс Сәдуақас 100 келіге дейінгі, ал Маргарита Гриценко 78 келіге дейінгі салмақта бақ сынайды. Айта кетерлігі, қазақстандық қос дзюдошы да халықаралық дзюдо федерациясының жасөспірімдер Олимпиада рейтингінде ең жоғары ұпаймен өз салмақтарында көш бастап тұр. ІІІ Жасөспірімдер Олимпиадасы 6-18 қазан күндері Аргентина астанасы Буэнос Айресте өтеді.

Әлеуметтік желідегі парақшалар