Жаңалықтар

16:47 | 01 қыркүйек 2018
Дзюдодан Қазақстан құрама командасы аралас командалық жарыста Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды. Қазақстанстандық дзюдошылар ширек финалда Үндістан командасын 4:0 есебімен таза жеңіп, уақытынан бұрын жарысты аяқтады. Ал жартылай финалда Өзбекстан құрамасынан 4:3 есебімен басым түсіп, финалға шықты. Финалдық кездесуде Жапония құрамасына 4:0 есебімен жол берген қазақстандықтар Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды. Аралас командалық жарысқа Қазақстан құрамасынан Жансай Смағұлов, Ислам Бозбаев,…
16:36 | 31 тамыз 2018
Қазақстандық дзюдошы Гүлжан Исанова Азия ойындарында қола жүлдегер атанды. Ол жұбаныш финалында Моңғолия спортшысы Мунхтуя Баттулганы жеңіп, ел қоржынына дзюдодан Азия ойындарының үшінші қоласын салды. Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Джакартада дзюдодан Дидар Хамза чемпион атанса, Отгонцэцэг Галбадрах, Елдос Жұмақанов қола медаль алған болатын.
17:23 | 30 тамыз 2018
Джакартада өтіп жатқан Азия ойындарында дзюдошымыз Дидар Хамза 81 келіге дейінгі салмақта қарсылас шақ келтірмей, чемпион атанды. Ол алғашқы белдесуде тайланд дзюдошысы Масаюки Тераданы, ал ширек финалда моңғолиялық Уганбаатар Отгонбаатарды жеңіп, жартылай финалға шықты. Жартылай финалда жапон жампозы Такеши Сасакиді уақытынан бұрын иппонмен жеңіп, финалға жолдама алған болатын. Финалдық белдесуде отандасымыз әлем рейтінгінде бірінші орында тұрған Иран спортшысы Саид Моллоиден…
12:33 | 30 тамыз 2018
Қазақстандвқ дзюдошы Дидар Хамза Азия ойындарының финалына шақты. 81 келіге дейін күресетін отандасымыз жартылай финалда жапониялық Такеши Сасакиді уақытынан бұрын таза жеңіп, финалға жолдама алды. Ал бұрымды балуандарымыздан Севара Нишанбаева мен Зере Бектасқызы қола медаль үшін жұбаныш финалында белдеседі. Финалдық кезеңдер Астана уақытымен сағат 15:00- де басталады.
18:33 | 29 тамыз 2018
Бүгін Джакартада өтіп жатқан Азиа ойындарында дзюдо бойынша сайыстар басталып, жеңіл салмақтағы мықтылар анықталды. Жарыстың бірінші күнінде балуандар төрт салмақ дәрежесінде, атап айтқанда, ерлер 60 пен 66 келіге дейінгі салмақта күрессе, бұрымды балуандар 48 және 52 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдесті. Қазақстан сапынан татамиге 4 дзюдошы шығып, оның екеуі жеңіс тұғырынан көрінсе, өкінішке қарай, екеуі жарысты жүлдесіз аяқтады. Кәмшат Қарасайқызы…

Әлеуметтік желідегі парақшалар