Жаңалықтар

20:26 | 19 қыркүйек 2018
Бүгін Әзірбайжан астанасы Бакуде дзюдодан Әлем чемпионатының жекелей және аралас командалық сайыстарының жеребе тарту рәсімі өтті. Жеребеге сәйкес, 60 келіге дейінгі салмақта жарыстың алғашқы күнінде татамиге шығатын Ғұсман Қырғызбаевтың алғашқы қарсыласы - түркиялық Ахмед Сахин Каба. Ал осы күні тағы бір отандасымыз Галбадрах Отгонцэцэг Габриела Шибана (Бразилия) мен Геронай Уитибой жұбының жеңімпазымен күреседі. 21 қыркүйекте 66 келіге дейінгі салмақта Ерлан…
15:27 | 11 қыркүйек 2018
20-27 қыркүйек күндері Әзірбайжан астанасы Баку қаласында дзюдодан Әлем чемпионаты өтеді. Әлем біріншілігіне әлемнің 130 елінен 800-ге жуық дзюдошы 14 салмақ бойынша жүлдені сарапқа салады. Халықаралық дзюдо федерациясының ережесіне сәйкес, әлем чемпионы атанған спортшыға әлем рейтингінде 2000 ұпай, күміс жүлдегерге 1400, ал қола жүлдегерге 1000 ұпай қосылады. Сондай-ақ, Әлем чемпиондарына 26 мың евро, күміс жүлдегерге 15 мың еуро, ал қола…
15:13 | 10 қыркүйек 2018
Бүгін Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Тимур Асқарұлы Құлыбаевтың туған күні. Қазақстан дзюдо федерациясы Сізді туған күніңізбен шын жүректен құттықтайды! Қазақстанда спорттың дамуына өлшеусіз үлес қосып, спортшылар мен спорт жанашарыларын үнемі қолдап жүретініңіз біз үшін құрмет! Сізді бүгінгі туған күніңізбен құттықтай отыра, деніңізге саулық, ісіңізге сәттілік тілейміз!
13:52 | 10 қыркүйек 2018
Қазақстандағы алғашқы Әлем кубогінде 200-ге жуық балуан белдесуде, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі. Кеше, 9 қыркүйек күні Атырау қаласында парадзюдодан әлем кубогының ашылу салтанаты өтті. Салтанатты шараға Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев және бір топ шет елден келген меймандар қатысты. Аймақ басшысы барша қатысушыларға сәттілік тілеп, тартысты да әділ жарыс көргісі келетінің жасырмады. Әлем кубогының нәтижесі бойынша Токио…
14:40 | 03 қыркүйек 2018
Дзюдодан Қазақстан командасының бас бапкері Айдын СмағұловOlympic.kzсайтына сұхбат беріп, Джакартадағы Азия ойындарына нүкте қойды. «Біз Азиададан 1 алтын, 1 күміс және 1 қола медаль аламыз деген мақсат қойғанбыз. Сол жоспар толықтай орындалды. Төрешілер қателігінен біраз ұпайымыз есептелмей қалды. Алтынға басты үміткер Елдос Сметовтің жарақаты да алаң болды біз үшін. Қуанышқа қарай, бәрі жақсы аяқталды. 81 келідегі Дидар Хамза Джакарта төрінде…

Әлеуметтік желідегі парақшалар