Жаңалықтар

13:35 | 04 ақпан 2019
Дзюдодан Қазақстан ерлер ұлттық құрама командасы Парижде өтетін «Grand Slam» әлемдік турниріне қызу дайындалып жатыр. Алматы облысы, Жаңашар селосында орналасқан Олимпиадалық даярлау орталығында бүгінде 65 спортшы, 11 жаттықтырушы жаттығуда. Құраманың бас бапкері Айдын Смағұлов құраманың қазіргі таңдағы жағдайымен бөлісті. «Grand Slam» жарысына дайындық жақсы. Қаңтар айының басында Ташкент (Өзбекстан) қаласында, қаңтар айының соңында Токиода (Жапония) халықараалық оқу-жаттығу жиындарына қатыстық. Дәл…
09:10 | 04 ақпан 2019
Болгарияның София қаласында өтіп жатқан Еуропа ашық кубогында қазақстандық дзюдошы Ақмарал Науатбек қола жүлдегер атанды. 48 келіге дейінгі салмақта белдескен отандасымыз жұбаныш финалында австриялық Катарина Танзерді ұтты. Ақпанның 2-3 күндері өткен Еуропа ашық кубогына әлемнің 28 елінен 163 спортшы қатысты. Қазақстан құрамасы бір қола медальмен медаль кестесінде 10-орынға жайғасты.
18:32 | 01 ақпан 2019
2-3 ақпан күндері Болгарияның София қаласында дзюдодан әйелдер арасында Еуропа ашық кубогы өтеді. Екі күнге жоспарланған жарысқа 28 елден 177 дзюдошы қатыспақ. Ал Қазақстан құрама командасынан 14 дзюдошы бақ сынайды. Олар: Ақмарал Науатбек (-48 кг) Салтанат Сұлтанбекова (-48 кг) Ақжол Қайыпхан (-52 кг) Гүлназт Нұрдинова (-57 кг) Иоланта Бердібекова (-63 кг) Назгүл Құбашева (-63 кг) Кристина Сотникова (-63 кг) Ділдәш…
17:50 | 30 қаңтар 2019
Дзюдодан Қазақстан Ұлттық құрама командасы Парижде өтетін «Grand Slam» турниріне қатысады. Ақпанның 9-10 күндері өтетін додаға әлемнің 100 елінен 633 спортшы қатысады деп жоспарланған. Париж татамиінде Қазақстан намысын 15 дзюдошы қорғайды. Ерлер: Елдос Сметов (-60 кг) Ғұсман Қырғызбаев (-60 кг) Ерлан Серікжанов (-66 кг) Әбілхайыр Мәуленин (-66 кг) Ақылбек Серік (-73 кг) Жансай Смағұлов (-73 кг) Дидар Хамза (-81 кг)…
16:57 | 28 қаңтар 2019
25-29 қыркүйек күндері Алматы қаласында дзюдодан жасөспірімдер (кадет) арасында дзюдодан Әлем Чемпионаты өтеді. Халықаралық дзюдо федерациясының күнтізбесіне сәйкес өтетін Әлем біріншілігінде 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер 16 салмақ дәрежесінде бақ сынайды. -Осындай маңызды жарысты Қазақстанда өткізуге сеніп тапсырғандары үшін Халықаралық дзюдо федерациясына алғыс айтамыз. Өздеріңіз білетіндей, Қазақстан дзюдодан әлемдік аренада өзіндік орнын қалыптастырған беделді ел болып саналады. Осыған дейін ересектер арасында…

Әлеуметтік желідегі парақшалар