Жаңалықтар

15:32 | 28 наурыз 2019
29-31 наурыз күндері Грузия астанасы Тбилиси қаласында дзюдодан әлемдік Гран При жарысының кезекті кезеңі өтеді. 52 елден 407 қатысатын жарыста Қазақстан құрамасынан 17 татами шебері ел намысын қорғайды. Ерлер: Жақсыбек Жеңісбек (-60 кг) Рустам Ибраев (-60 кг) Ерлан Жақсыбеков (-66 кг) Шадияр Қуандық (-66 кг) Қуан Барыс (-73 кг) Қажымұхан Өтеулиев (-81 кг) Серік Салменов (-90 кг) Жасұлан Мұхаметханов (-100…
15:52 | 26 наурыз 2019
23-24 наурыз күндері Грекияның Афины қаласында дзюдодан жастар арасында Еуропа кубогы өтті. Қазақстан жастар құрама командасынан 17 дзюдошы қатысып, оның 7-еуі жүлдегерлер қатарынан көрінді. Жарыс аяқталған соң Қазақстан жастар құрама командасының аға жаттықтырушысы Азамат Мұқанов «маусымды сәтті бастағандарын» айтты. «Жарыстың ұйымдастырылу деңгейі өте жақсы болды. Аталмыш жарысқа әлемнің 25 елінен 346 дзюдошы қатысты. Өздеріңіз білетіндей, 2019 жылы құрамаға аға бапкер…
22:38 | 23 наурыз 2019
Бүгін Грецияның Афина қаласында дзюдодан жастар арасында Еуропа кубогы басталды. Аға бапкерлер Азамат Мұқанов пен Айбек Имашев бастаған Қазақстан жастар құрамасы жарыстың алғашқы күнінде 5 медаль жеңіп алды. Олар: Күміс - Ермек Амангелді (66 кг) Күміс - Дамир Болатбеков (60 кг) Қола - Шерзод Давлатов (60 кг) Қола - Болат Біләл (60 кг) Қола - Рауан Бегалы (66 кг)
10:17 | 21 наурыз 2019
Құрметті дзюдошылар қауымы! Сіздерді ұлттық дзюдо Федерациясының атынан Наурыз күнімен құттықтаймын! Наурыз мерекесі – халқымыздың рухани жаңғыруы мен мәдени өркендеуінің бастауы. Тамыры тереңде жатқан тарихымыздың қайнар көзі. Сол себепті, Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев 1991 жылы Наурызды төл мереке ретінде бекітті. Ұлтымыздың бірнеше ғасырлық шежіресі осы күні қайта оралды. Бүгінде Наурыз берекесі мен татулығы жарасқан біртұтас халқымыздың басты мейрамы. Ұлыстың Ұлы күні…
10:39 | 18 наурыз 2019
Астанада Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Тимур Құлыбаев пен Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) президенті Мариус Визер екіжақты кездесу өткізді. Бұл күндері халықаралық федерация басшысы Қазақстанда іссапармен жүр. Тараптар биыл 25-29 қыркүйек аралығында Алматыда өтетін кадеттер арасындағы әлем чемпионатына дайындық барысын талқылады. «Спорттың болашағы жастардың қолында. Біз спортшыларымыз өсіп-жетіліп, халықаралық ареналарда шыңдалу үшін бар жағдайды жасаймыз. Сондай-ақ, Олимпизм құндылықтарын дамыту үшін…

Әлеуметтік желідегі парақшалар