Жаңалықтар

12:19 | 11 сәуір 2019
Қазақстан жастар құрамасы мен Франция жастар құрама командалары Алматы облысында орналасқан АИБА спорт базасында бірлескен оқу жаттығу жиындарын бастады. Сәуірдің 20-сына дейін жалғасатын жаттығу жиынына 80-ге жуық татами шебері өзара тәжірибе алмасып, шеберліктерін шыңдап жатыр. «Бізді Қазақстанға шақырып, бірлескен оқу-жаттығу жиындарын ұйымдастырып отырғандарыңызға көп рақмет! Қазақстан жастар құрамасының аға жаттықтырушылары Азамат Мұқанов пен Айбек Имашев бастаған жастар құрамасымен жақсы жаттығу…
17:01 | 09 сәуір 2019
6-7 сәуір күндері Линьянода (Италия) дзюдодан жастар арасында Еуропа кубогы өтті. Аталмыш жарысқа Қазақстан жастар құрама командасы қатысып, 1 алтын, 1 күміс, 1 қола медальмен жалпы командалық есепте жарысты 36 ел ішінде 4 орынмен аяқтады. Жарыстың бірінші күнінде 48 келіге дейінгі салмақта финалға қазақстандық қос дзюдошымыз шықты. Ғалия Тынбаева мен Ақмарал Науатбек арасындағы тартысты бәсеке қосымша уақытта Ғалия Тынбаеваның еншісіне…
20:43 | 05 сәуір 2019
Елдос Сметов Анталияда өтіп жатқан Гран При жарысының жеңімпазы атанды. 60 келіге дейінгі салмақта белдескен балуанымыз ақтық финалда өзбекстандық дзюдошы Кемран Нуриллаевты иппон ұпайымен жеңді. Жарыс барысында Елдос 5 кездесу өткізіп, қарсылас шақ келтірмеді. Ал бірінші кездесуінде Оруж Влизаданы, одан кейін болгариялық Валентин Алпиевті жеңсе, ширек финалда Лондон Олимпиадсының қола жүлдегері бразилиялық Фелипе Китадайды ұтып, жартылай финалға шықты. Жартылаай финалда…
18:45 | 05 сәуір 2019
Түркияның Анталия қаласында дзюдодан әлемдік Гран При жарысы өтіп жатыр. Қазақстандық дзюдошылар Елдос Сметов (60 кг) пен Галбадрах Отгонцэцэг (48 кг) жарыстың финалына дейін қарсылас шақ келтірмей, финалға жолдама алды. 48 келіге дейінгі салмақта белдескен қазақстандық дзюдошы Галбадрах Отгонцэцэг жартылай финалда Милиса Николикті жеңіп, жарыстың финалына шықты. Ақтық финалда отандасымыз косовалық Дистрия Красникимен белдеседі. Ал 60 келіге дейінгі салмақта күрескен…
10:21 | 04 сәуір 2019
5-7 сәуір күндері Түркияның Анталия қаласында дзюдодан кезекті Гран При турнирі өтеді. Әлемнің 78 елінен 533 дзюдошы қатысатын додаға ел құрамасынан 13 дзюдошысы бақ сынайтын болады. Ерлер: Елдос Сметов (-60 кг) Дәурен Сүйеукенов (-60 кг) Әбілхайыр Мәуленин (-66 кг) Сұңғат Жұбатқан (-66 кг) Аңсарбек Ғайнуллин (-73 кг) Жанболат Бағытбергенов (-73 кг) Руслан Мұсаев (-81 кг) Дидар Хамза (-81 кг) Ерсұлтан…

Әлеуметтік желідегі парақшалар