Жаңалықтар

05:36 | 07 шілде 2019
Италияның Неаполь қаласында Дүниежүзілік ХХХ жазғы Универсиада ойындары өтіп жатыр. Байрақты бәсекенің үшінші күнінде бүгін ел қоржынына алтын медааль түсті. Дзюдошы Ғалымжан Қырықбай абсолют салмақ дәрежесінде чемпион атанды. Ол тек қана Универсиада чемпионы атанбай, Қазақстан дзюдо тарихына «дзюдодан Қазақстаннан шыққан тұңғыш Универсиада Чемпионы» деген атын енгізді. Біз жеңімпазымызды құттықтап, жарыс туралы толығырақ білу үшін Ғалымжанды әңгімеге тарттық. -Алтын құтты болсын!…
00:56 | 07 шілде 2019
Қазақстандық дзюдошы Ғалымжан Қырықбай абсолют салмақ дәрежесінде Универсиада Чемпионы атанды. Ол финалда франциялық Хадринн Ливольсиді ұтты. Ғалымжан Қырықбай жартылай финалда қырғызстандық Ерлан Шеровты, ширек финалда өзбекстандық Давлат Бабоновты жеңді. Ал іріктеу кезеңдерінде түркіменстандық Ибрагим Союнов пен германиялық Бенжамин Боюзгарниге қарсы күресіп, жеңіске жеткен болатын. Айта кетерлігі, Ғалымжан Қырықбай Қазақстан дзюдо тарихында Универсиада алтынын алған алғашқы дзюдошы.
14:45 | 05 шілде 2019
12-14 шілде күндері Венгрия астанасы Будапештте дзюдодан әлемдік Гран При турнирі өтеді. Оған 85 елден 600-ден астам дзюдошы қатысады деп жоспарланған. Ал Қазақстан ұлттық құрама командасынан 16 дзюдошы ел намысын қорғайды. Ерлер: Елдос Сметов (-60 кг) Ғұсман Қырғызбаев (-60 кг) Елдос Жұмақанов (-66 кг) Ерлан Серікжанов (-66 кг) Жансай Смағұлов (-73 кг) Ақылбек Серік (-73 кг) Дидар Хамза (-81 кг)…
18:50 | 04 шілде 2019
6-7 шілде күндері Макаода дзюдодан жасөспірімдер арасында Азия кубогы өтеді. Екі күнге созылатын жарысқа Қазақстан жасөспірімдер құрамасынан 35 спортшы қатысады. Ұлдар: 1.Ермахан Амандық (50 кг) 2.Нұрқанат Серікбаев (50 кг) 3.Қайыржан Жүнісбек (55 кг) 4.Лес Аслан (55 кг) 5.Марлен Әділ (60 кг) 6.Ықылас Алсеит (60 кг) 7.Нұрсұлтан Зайзағалиев (60 кг) 8.Тілеген Тынарбай (66 кг) 9.Тайман Нұрғалиев (66 кг) 10.Бексұлтан Қартбай (66…
10:39 | 02 шілде 2019
Испанияның Аликанте қаласында дзюдодан халықаралық оқу-жаттығу жиындары өтіп жатыр. Аталмыш халықаралық оқу-жаттығу жиынына 40 елден 500-ге жуық дзюдошы өзара тәжірибе алмасуда. Оның ішінде Олимпиада мен Әлем чемпиондары, құрлықтық Чемпионаттың жеңімпаздары бар. Ал Қазақстан құрамсынан аталмыш дайындық кезеңге Зере Бектасқызы, Дидар Хамза және Ерасыл Болат қатысып, шеберліктерін шыңдайды. Оқу-жаттығу жиыны 7 шілдеге дейін жалғасады.

Әлеуметтік желідегі парақшалар