Жаңалықтар

19:53 | 24 қазан 2019
Дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев Әбу-Дабиде өтіп жатқан Grand Slam жарысында қарсылас шақ келтірмей, алтын алды. Ол финалда франциялық Валиде Хярді вазари ұпайымен жеңді. Ғұсман Қырғызбаев жарыс барысында 5 кездесу өткізіп, бесеуінде де жеңіске жетті. Ол бірінші Оңтүстік Корея спортшысы Ли Харимді, екінші кездесуінде Әзірбайжан өкілі Давид Мамадсоуды жеңді. Ширек финалда Фелип Пелимнен басым түссе, жартылай финалда Яго Абуладзеден айласын асырып, финалға…
14:38 | 21 қазан 2019
Қазақстан құрамасы Әбу-Дабиде өтетін әлемдік Grand Slam кезеңдеріне дайындықты бастады. Қазіргі таңда ұлттық құрама спортшылары Алматы облысында орналасқан AIBA спорт базасында жаттығып жатыр. Бас бапкер Айдын Смағұлов «Әлем чемпионатынан кейін командада айтарлықтай өзгеріс жоқ. Бәрі де бабында, бәрінің де көңіл-күйлері тамаша. Осакада өтетін Grand Slam турниріне рейтингтегі ұпайы аздау спортшыларды апарамыз. Желтоқсан айында жылдың қорытынды жарысы – үздік 16 спортшы…
18:07 | 17 қазан 2019
Марракеште дзюдодан жастар арасында әлем чемпионаты өтіп жатыр. Жарыстың екінші күнінде ұлдар 73 келіге дейінгі салмақта күрессе, қыздар 57 және 63 келіге дейінгі салмақ дәрежелерінде өзара мықтыны анықтады. Бүгін Қазақстан сапынан татамиге шыққан Бақытжан Абдурахманов (73 кг) үшінші кездесуінде қарсыласына жол беріп, әлем чемпионатынан жүлдесіз қалды. Ол алғашқы қарсыласы чех балуаны Адам Будзовскийді, кейін Джао Фернандоны ұтты. Алайда, россиялық Георгий…
12:39 | 17 қазан 2019
Марракеште (Маррокко) дзюдодан жастара арасындағы әлем чемпионаты өтіп жатыр. Жарыстың екінші күнінде ұлдар 73, 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өзара мықтыны анықтаса, қыздар 57 және 63 келіге дейінгі салмақта күреседі. 73 келіге дейінгі салмақта Бақытжан Абдурахманов ел намысын қорғайтын болады. Ал қыздардан 57 келіге дейінгі салмақта Меруерт Сәрсенова, 63 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Ақерке Құлаш пен Кристина Сотникова белдеседі. Айта…
19:57 | 16 қазан 2019
Бүгін, 16 қазан күні Марракеште дзюдодан жастара арасындағы әлем чемпионаты басталды. Жарыстың бірінші күнінде дзюдошы ұлдар 60 және 66 келіге дейінгі, қыздар 48 бен 52 келіге дейінгі салмақ дәрежелерінде өзара мықтыны анықтады. Қазақстан сапынан бүгін татамиге қыздарымыз Ақмарал Науатбек, Ғалия Тынбаева, Ақжол Қайыпхан және Ақмарал Ерназар шықты. Өкінішке қарай, бұрымды балуандар іріктеу кезеңінен әрі аса алмады. Қыздар арасында үздік нәтиже…

Әлеуметтік желідегі парақшалар